Астанада тұрғын үй кешенінде қыз секіріп өлмек болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
30.10.2025, 15:26
604
Астанада тұрғын үй кешенінде қыз секіріп өлмек болды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қызға көмек көрсетіліп аман қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыз өзіне қол жұмсамақ болған деген күдік бар. Ол биіктен секіруге әрекеттенген, бірақ дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен тұрғын үйдің жоғарғы қабатындағы парапетке шығып, секіруге оқталған. Қорқып қалған тұрғындар дереу төтенше қызметке хабар беріп, қызды райынан қайтаруға тырысқан. Қызға дер кезінде көмек көрсетіліп, секіру райынан қайтарып, аман қалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда да осындай жағдай болған еді. Қаланың «Райымбек» тұрғын үй кешенінде 18 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, тірі қалған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен іш киіммен ғана болған және қатты айқайлап, ауырсынған.

Оқиға орнына жиналған тұрғындар қызды көрпемен жауып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмек көрсеткен. Кейін ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала деректер бойынша, қыз құрбысымен бірге алкоголь ішкен және мас күйде болған. Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша «Өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабымен іс қозғады.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан