Депутаттар әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы белгілеуді ұсынды

12.04.2023, 17:15
731
Депутаттар әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы белгілеуді ұсынды smartnews.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастауды ұсынды. Оның орнына әр балаға жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеу керек екені айтылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты - көпбалалы аналарды, толық емес отбасында бала тәрбиелеп отырған аналарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау. Көпбалалы отбасылардың басым бөлігі көбінесе жалға берілетін бөлмелерде тұрады. Егер ипотека рәсімдеу мүмкін болса, әдетте құрылыс сапасы төмен, эконом санаттағы бір бөлмелі пәтер алады. Олар үшін мемлекеттік тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәжірибесі жоқ, ипотекалық несие берудің жеңілдетілген шарттары қарастырылмаған. Қомақты бастапқы жарна талап етіліп, жоғары пайыз мөлшерлемесі қойылады. Мұндай отбасылар мемлекеттің қандай қолдауына үміт артады? Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) ме? Объективті түрде қарасақ, ол да нақты көмек болып тұрған жоқ», - деді депутат Гаухар Танашева Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтың атына жолдаған сауалында.

Оның пайымынша, АӘК-ге үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Қазақстан Халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау қажет деп санайды, өйткені оны алу үдерісі күрделі.

«Бұл жағдайда балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру қажет. Әр балаға нақты көлемде, жұмсауға жеткілікті мөлшерде бірыңғай жәрдемақы төлеген дұрыс. Біз ең төменгі жалақы мөлшерінде әр балаға айына 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы белгілеуді қарастыруды ұсынамыз. Мәселен, 4 балаға берілетін жәрдемақы 280 мың теңгені, 2 балаға 140 мың теңге құрайтын болады.

Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген», - деді депутат.

Бұл тұрғыда ол жоғарыда аталған халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясатында қазіргі нақты жағдай қарастырылмағанын айтты.

«Осы саладағы мемлекеттік органдар жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұраймыз», - деді Гаухар Танашева.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді