Нобель сыйлығының лауреаты Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды

29.04.2023, 09:24
665
Нобель сыйлығының лауреаты Мемлекеттік басқару академиясында дәріс оқыды aeok.kz

Нобель сыйлығының лауреаты Рэ Квон Чунг «Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы барысында қатысушыларға дәріс оқыды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Профессор Net Zero технологиясы мен жасыл энергетика саласындағы зерттеулерімен және тәжірибесімен бөлісті. Оның пікірінше, «энергетикалық ауысу» үшін қоғамдық көлікке «жасыл инвестиция», экологиялық салық реформасы, төмен көміртекті жасыл өсу стратегиясы және тұтынушылардың ерікті қатысу жүйесі қажет. Бұл ретте, тұтынушылардың білімін арттыру және ой-пайымын өзгерту бойынша әлеуметтік науқан маңызды. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерін ерікті түрде тұтыну және көміртегі шығарындыларын төлеу жүйесін әзірлеу керек. Демек, тұтынушылар жаңартылатын энергияны өз еркімен сатып алып, өздерінің қосатын жеке үлестерін анықтай алады.

photo

 

«Қазіргі таңда сіздер қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізу үшін «Ашық үкімет» құру бағытында жұмыс істеп жатырсыздар. Дегенмен, ұзақ мерзімді мәселелерді де ескерген жөн. Өйткені, олар қысқа мерзімді нәтижелерге әсер етуі мүмкін. Бұл мәселені «Жасыл өсу» тұжырымдамасы арқылы шешуді ұсынамын. Осы тұжырымдама аясында климаттық қызметтің қаржылық және технологиялық аспектілеріне назар аударып, белсенді азаматтардың қатысуымен қоғамда ашық көшбасшылықты дамыту қажет. Мемлекеттік саясатты қоғамның қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес және климаттық іс-шараларды қабылдауға Үкіметпен қатар, бизнес-құрылымдар да жауапты болуы керек. Сонымен қатар, қарапайым тұтынушы азаматтарға қолдау көрсету де өте маңызды. Өйткені, бұл жобада Үкімет қаржылық ресурстармен шектеліп қалуы мүмкін. Мәселені шешу үшін тұрақты және экологиялық өсуді қамтамасыз ету мақсатында технологиялық инновацияларды, экономикалық және әлеуметтік саясатты интеграциялау қажет», - деді профессор Чунг.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды