Мамыражай мейрамдағы менмұндалаған митингі

02.05.2023, 10:44
612
Мамыражай мейрамдағы менмұндалаған митингі

1-Мамыр – жарқын мереке. Елімізде бұл күн Халық бірлігі күні деп әспеттеледі. Қазақстанда 130-дан аса ұлт пен ұлыс бар деп жатады.

Әлемде көпұлтты елдер баршылық. Ал оларды ұйыстыратын біздегі Ассамблея сияқты саяси ұйым өзге жерде жоқ та шығар. Сондықтан біздегі халық Ассамблеясы институтына жылы қабақпен қарайтын сырт көздер аз емес. 

1-мамыр күні әлемнің көптеген елдерінде ескеріліп жатады. Оларда халық бірлігі күні емес, көбіне еңбекті дәріптеу күні болып келеді. 1-Мамырды «Еңбек күні» деп белгілеп, мереке әрі демалыс ететін елдер дүниеде 160 екен. 

Еліміздің қалаларында 1-Мамыр күні бұқаралық іс-шаралар өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтады. Президент Қазақстанның сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналғанын алға тартып, ел үшін бірліктің маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

«Ел бірлігі – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекеттілігіміздің берік негізі. Қазақ жері сан алуан этнос өкілдерінің құтты мекеніне айналған. Барлық азаматтарымыз өткен тарихы, бүгіні мен болашағы бір екенін терең ұғынады. Өйткені жұртымыздың құндылықтары да, арман-мұраттары да ортақ. Түптеп келгенде, бәріміз – үлкен қара шаңырақтың, біртұтас қазақ ұлтының перзенттеріміз. Халқымыз «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бабаларымыздың бұл өсиеті – Әділетті Қазақстандағы басты ұстанымның бірі. Біз татулық, теңдік және әділдік қағидаларына негізделген қоғам құрамыз. Бірлігі жарасқан жұртымыздың абыройы асқақ болсын! Баршаңызға бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Мереке құтты болсын, ағайын!». 

Мереке жақсы ғой. Дегенмен қоғам аппақ парақтай таза болмасы тағы белгілі. «Біз дұрыс айтамыз, мынау нәрсе қате» деп өз пайымдарын алға тартып, қоғамға талап қоятын ұйымдар мен жекелеген азаматтар бар. Олар 1-Мамыр күні немесе сол күнге орайластырып бой көрсетті. 

1-Мамыр күні Алматының орталық саябағында оппозиция өкілдері митинг ұйымдастырды. Жиналғандар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт құрмынан, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ ұйымынан Қазақстан шықсын, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсартылсын деген талап қойды. Митингіде сөйлегендер, сонымен қатар, Қытаймен визалық режим енгізілмесін, Қаңтар оқиғасы әділ тергелсін дейді. Бірақ митинг тыныш өткен жоқ. Полиция қызметкерлері үш-төрт адамды ұстап әкеткені хабарланды. Ал Астанада тіркелмеген «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясының мүшесі Марат Жыланбаевты полиция алып кеткен. Сол сияқты, vlast.kz интернет-журналының журналисін полиция ұстап, қайта босатқан.  

Тартылған ақпараттарға қарағанда, қарсылық акцияларын болдырмау үшін кейбір қалаларда белсенділерді аңдыған. Білетіндер белсенділерді аңду бұған дейін де байқалғанын айтады. Сәуірдің басында парламент сайлуы өткен тұста да осындай жағдай болған көрінеді. Кешегі митингіге барғандардың  қойған мәселелерінің бірі Қытаймен визасыз режимді тоқтату жайлы. Ал Ішкі істер министрлігі Көші-қон комитеті қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алтынбек Масақбаев Қытаймен арадағы визасыз режимге қатысты түсінік берді. Оның сөзінше, елге келген азаматтар бақылауда болады екен.

Алтынбек Масақбаев, Көші-қон комитеті қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

«Қытай азаматтарының елге визасыз келуіне байланысты даудан қорқудың қажеті жоқ. Себебі бәрі Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Шекарадан өткен күннен бастап қабылдаушы тарап уақытылы хабарлама беріп тұрады. Жыл басынан бері 12 мың заң бұзған шетел азаматтарынан Қытайдың 205-і ғана бар. Ол – 1 пайыз. Көбі - жұмыс сапары, мәдени іс-шараларға қатысуға келетін азаматтар».

Қазақстанға 79 елдің азаматтары визасыз келе алатын көрінеді. Оның 57-сі экономикалық дамыған Еуропа елдері мен АҚШ екен. Осы мемлекеттердің азаматтары 30 күнге дейін елімізге визасыз кіре алады.

Маманның айтуынша, Иран, Қытай, Үндістан мемлекеттері 14 күнге дейін визалық талаптардан босатылған. Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан елдерінің адамдары уақытша тұруға рұқсат алмай-ақ 90 күн жүре алады. Мәлімет бойынша жыл басынан бері елімізге 2 миллион шетел азаматы келіп, 2,5 миллион шетелдік елден шыққан.

Қысқасы, мамыражай мерекеде менмұндалаған митинг өтіп, оған жиналғандар өз талаптарын жеткізгілері келді.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті