274

Қар, көктайғақ, тұман және қатты жел: синоптиктер ел тұрғындарын ескертті

18 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қар, көктайғақ, тұман және қатты жел: синоптиктер ел тұрғындарын ескертті
Photo by Elena Raklionskaya / pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 қарашада Қазақстанның барлық облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктер түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті. Кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын соқса, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жекелеген жерлерде найзағай болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ақмола облысында түнде өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз осы аумақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс пен оңтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанған. Жел екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Петропавлда да күндіз қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда қар жауып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Қостанай қаласында түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батыс, шығыс және орталық аудандарда тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман болжанып отыр.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батыс, шығыс пен оңтүстік аудандарда тұман күтіледі. Өңірдің батысында жел бағыты өзгеріп, екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысында түнде және таңертең орталық аудандарда аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерде тұман түседі. Жезқазғанда да жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман болады. Оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарда жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Өскеменде де тұман болжанған.

Абай облысында түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыс және орталық аудандарда жел екпіні 15–20 м/с болады.

Алматы облысында түнде және таңертең оңтүстік аудандар мен таулы аймақтарда тұман күтіледі. Шығыс бөлігінде және таулы аудандарда жел екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысында таулы аудандарда тұман болады. Алакөл көлдері маңында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде жел 30 м/с-тан да асуы мүмкін. Облыстың оңтүстік-шығысында 18–20 қараша аралығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарда тұман күтіледі. Таулы аймақтарда оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с болады.

Түркістан облысында батыс, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстікте найзағай болуы мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында түнде оңтүстік пен шығыста, негізінен жаңбыр түрінде, аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында түнде шығыста жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік және шығыс аудандарда түнде әрі таңертең тұман түседі. Ақтөбе қаласында да тұман болжанған.

Атырау облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстік аудандарда тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстікте тұман болады. Батыс пен орталық аудандарда оңтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ақтауда да жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман түседі. Күндіз батыс пен солтүстікте жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Материал авторы