128

«Жасыңа сай киін»: Мадина Сәдуақасованың киім киісі сынға ұшырады

Әнші Шымкенттің түнгі көрінісі аясында түскен фотоларын жариялап, өзіне ұнаған сәттерін бөлісті.

«Жасыңа сай киін»: Мадина Сәдуақасованың киім киісі сынға ұшырады
instagram.com/sadvakasovamadina

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова Шымкенттің түнгі көрінісі аясында түскен фотоларын әлеуметтік желіге жариялады. Өнер иесінің жаңа образы оқырмандар арасында пікірталас тудырды.

Әнші жарияланымында өзіне ерекше ұнаған дүниелерді атап өткен. Олардың қатарында өзінің келбеті, түнгі Шымкенттің шамдары, көйлегінің әдемілігі мен гүлдердің хош иісі бар.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің образына сүйсініп, жылы лебіздерін білдірсе, енді бірі оның киімін тым ашық деп бағалап, "Жасыңа сай киін", "Ұяттау боп тұр" дегендей пікірлер қалдырған.

Кейбір пікір қалдырушылар өнер иесінің жасына назар аударып, жұбайының бұған қалай қарайтынын да сұраған. Арасында әншіні сынаған және өзге өнер иесімен салыстырған пікірлер де кездеседі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор