Алматыда қызға қатысты жыныстық қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Тұрғындар полицияға хабарласып, таныс емес ер адамның қыздарына қатысты қылмыс жасаған болуы мүмкін екенін айтқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Алатау ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлаған.
Тұрғындардың айтуынша, өздеріне таныс емес адам олардың қызына қатысты қылмыс жасаған болуы мүмкін.
Хабарлама түскен бойда «Буран-127» патрульдік экипажы оқиға орнына жеткен. Полиция қызметкерлері ер адамды болған жағдайға қатысы бар деген күдікпен ұстады.
Полицияның мәліметінше, ұсталғаннан кейін ер адамға медициналық көмек қажет болған. Ол өзіне қол жұмсауға әрекет жасап, дене жарақатын алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Материал авторы