691

Динара Сәтжанның ұлы алғаш рет қалыңдығын көрген сәт көпшілікті тебірентті

Динара Сәтжан баласының қуанышын көру ана үшін ең үлкен бақыт екенін айтып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Динара Сәтжанның ұлы алғаш рет қалыңдығын көрген сәт көпшілікті тебірентті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист әрі кәсіпкер Динара Сәтжан ұлы Даниал Ускенбайдың үйлену тойынан ерекше сәтті көрсетті. Видеода жігіттің қалыңдығын алғаш рет қалыңдық көйлегінде көрген сәті бейнеленген.

4 қыркүйекте Астанада Динара Сәтжанның ұлы Даниал Ускенбай мен Айнурдың үйлену тойы өткен. Ал келесі күні журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жас жұбайлардың әсерлі сәтінен видео жариялады.

Динара Сәтжан жазбасында баласының бақыты ана үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

«Балаларыңның бақытын көру – өмірдегі ең үлкен бақыттардың бірі. Ана болу – тағдырдың ең үлкен сыйы. Әр ана баласының қуанышын көріп, бұл қайталанбас сезімді жүрегімен сезінсін. Өйткені балаң бақытты болса, сенің жүрегің де бақытқа толады», – деп жазды Динара Сәтжан.

Желі қолданушылары видеоға жылы пікірлер қалдырып, жас жұбайларға ұзақ әрі бақытты ғұмыр тіледі.

Көпшілік Даниалдың қалыңдығына қараған сәтін ерекше атап өтті.

«Бұл көзқарасты ойнау мүмкін емес. Бір сәтте қанша махаббат, таңданыс пен бақыт бар», – деп жазды оқырмандардың бірі.

Пікір қалдырғандар жас жұбайлардың әдемі жұп екенін айтып, оларға отбасы бақыты мен мәңгілік махаббат тіледі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор