497

Қазақстанда қыс қаһарына мінеді: 23 қазанда қай қалаларда қар, боран және көктайғақ болады?

Қазақстанның бірқатар қаласында қар жауып, көктайғақ болады.

Қазақстанда қыс қаһарына мінеді: 23 қазанда қай қалаларда қар, боран және көктайғақ болады?
nur.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар қаласында 23 қазанда қар, боран, көктайғақ пен тұман күтіледі. Ал елдің батысы мен оңтүстігіндегі кейбір өңірлерде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріліп, күн салыстырмалы түрде жылы болады.

Солтүстік және орталық өңірлер

Петропавлда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Түнде жел екпіндейді. Күндіз ауа температурасы +1…+3 градус, түнде -3…-5 градус болады.

Қостанайда жауын-шашынсыз, аз бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз +5…+7 градусқа дейін жылынса, түнде -1…-3 градус болады.

Көкшетауда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең, негізінен қар түрінде, аздаған жауын-шашын жауады. Түнде жел екпінді соғады. Күндіз ауа температурасы +1…+3 градус, түнде -2…-4 градус шамасында болады.

Павлодарда күн бұлтты болып, негізінен қар жауады. Көктайғақ та күтіледі. Күндіз температура 0…+2 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты болып, кей уақытта қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус, түнде -3…-5 градусқа дейін төмендейді.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Күндіз +6…+8 градус, түнде -2…-4 градус болады.

Шығыс Қазақстан

Өскеменде күн бұлтты болады. Негізінен қар жауып, боран соғуы және көктайғақ болуы ықтимал. Таңертең және күндіз жел екпіндейді. Күндіз де, түнде де ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болады.

Семейде күн бұлтты болып, негізінен қар жауады. Боран соғып, көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Жел де екпінді болады. Күндіз температура +1…+3 градус, түнде -1…-3 градус аралығында болады.

Батыс өңірлер

Оралда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0…+2 градус болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа +17…+19 градусқа дейін жылынса, түнде +6…+8 градус шамасында сақталады.

Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Күндіз +10…+12 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Ақтауда күн құбылмалы бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +20…+22 градусқа дейін жетеді. Түнде +8…+10 градус болады.

Оңтүстік өңірлер

Таразда күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз жел екпіндейді. Ауа температурасы күндіз +10…+12 градус, түнде 0…+2 градус болады.

Шымкентте де жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанған. Күндіз жел екпінді соғады. Температура күндіз +16…+18 градус, түнде +3…+5 градус болады.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз екпінді жел соғып, ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +2…+4 градус болады.

Қызылордада жауын-шашын күтілмейді. Алайда күндіз шаңды дауыл соғып, жел екпіндейді. Күндіз ауа температурасы +13…+15 градус, түнде +1…+3 градус шамасында болады.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды. Күндіз +8…+10 градус, түнде 0…+2 градус болады.

Талдықорғанда күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +5…+7 градус, түнде -1…-3 градус болады.

Алматы мен Астана

Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +8…+10 градус, түнде 0…+2 градус болады.

Астанада жауын-шашын күтілмейді, күн құбылмалы бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 0…+2 градус шамасында сақталып, түнде -2…-4 градусқа дейін төмендейді.

Материал авторы