508

Республика күні қарсаңында 1000-нан астам азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

Ақордада өтетін салтанатты рәсімде елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталады.

Республика күні қарсаңында 1000-нан астам азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 23 қазанда, Ақордада Республика күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жазды.

Бұған дейін елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға атсалысқан, сондай-ақ қоғамдық қызметте белсенділік танытқан азаматтардың мемлекеттік наградалармен марапатталғаны хабарланған болатын.

Марапат иелерінің қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандар, өнеркәсіп және бизнес өкілдері, мұғалімдер мен ғалымдар, медицина қызметкерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері бар.

Жалпы, мемлекеттік наградалармен 1000-нан астам адам марапатталған. Олардың ішінде 129 еңбек ардагері, жұмысшы мамандықтары мен экономиканың түрлі салаларынан 473 өкіл, шағын және орта бизнес саласының 200-ден астам өкілі, 150-ден астам педагог пен ғалым, сондай-ақ 120-ға жуық медицина қызметкері бар.

Марапатталғандардың қатарында «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытының қорытушысы А. Доспанов та бар. Оған «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Ал композитор А. Қоразбаев «Отан» орденіменмарапатталды.

Материал авторы