515

Қазақстанның мемлекеттік туы Нью-Йорктің Уолл-стрит көшесінде көтерілді

Уолл-стрит көшесінде өткен салтанатты рәсім Қазақстанның Республика күніне арналды.

Қазақстанның мемлекеттік туы Нью-Йорктің Уолл-стрит көшесінде көтерілді
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның мемлекеттік туы Нью-Йорктегі Уолл-стрит көшесінде Республика күніне орай салтанатты түрде көтерілді. Рәсім 22 қазанда, Қазақстанның ұлттық мерекесі қарсаңында өтті.

Салтанатты шара Нью-Йорктің қаржы орталығындағы әйгілі Charging Bull («Шабуылдаушы бұқа») қола мүсінінің маңында ұйымдастырылды. Бұл мүсін қаладағы танымал нысандардың бірі саналады.

Осылайша, Қазақстанның көк туы АҚШ-тың ең ірі мегаполистерінің біріндегі көпшілік жиі баратын орындардың бірінде көтерілді.

Айта кетейік, Қазақстанда Республика күні жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылдады. Бұл құжат елдің болашақ тәуелсіздігінің құқықтық негізін қалады.

Материал авторы