417

Республика күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Мемлекеттік қызмет алуды жоспарлаған азаматтарға мерекелік демалыс басталмай тұрып ХҚКО-лардың жұмыс кестесін тексеру ұсынылады.

Республика күніне орай ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Sputnik / Тимур Батыршин

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда Республика күніне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгереді. 26 қазанда орталықтар жабық болады, ал 24 қазан, сенбі күні, азаматтарды тек кезекші бөлімшелер қабылдайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жазды.

24 қазанда кезекші ХҚКО-лар сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал арнайы ХҚКО-ларда өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданады. Дайын құжаттарды азаматтар сағат 13:00-ге дейін ала алады.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары жұмыс кестесіндегі ерекшелікті ескеруі керек. Бұл өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары бір сағат ерте ашылып, жұмысын бір сағат ерте аяқтайды.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс тәртібіне оралады.

Мереке күндері қай орталықтардың кезекшілік атқаратыны туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Материал авторы