543

Алматыда автобустағы жанжал үшін қызға айыппұл салынды

Мас күйде болған ер адам қыздың киіміне қатысты ескерту жасап, артынша жолаушылар арасында жанжал туындаған.

Алматыда автобустағы жанжал үшін қызға айыппұл салынды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда қоғамдық көлікте басқа жолаушымен сөзге келген 27 жастағы тұрғынға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адам қыздың киіміне қатысты ескерту жасап, кейін екі жолаушының арасында жанжал туындаған. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайына түсініктеме берді. Полиция қызметкерлері жанжалға қатысушылардың жеке басын анықтап, болған жағдайға құқықтық баға берген.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының 27 жастағы тұрғыны Гүлниса Заироваға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Сот оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарған.

Оқиға куәгерлері ер адамның мас күйде болғанын айтқан. Олардың сөзінше, ол қыздың киіміне қатысты ескерту жасағаннан кейін автобуста дау туындап, жанжал кезінде балағат сөздер айтылған. Алайда ер адамның мас болғаны туралы ақпарат полицияның келтірілген түсініктемесінде нақтыланбаған.

Алматы полициясы эмоцияға беріліп әрекет ету қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын еске салды.

Материал авторы