Өскеменде ер адам кәуапқа шашалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді
57 жастағы ер адамның тыныс жолын кәуаптың бір бөлігі бітеп қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде 57 жастағы ер адам кәуаптың етіне шашалып, тыныс ала алмай қалған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы оның тыныс жолын ашып, өздігінен дем алуына көмектесті. Бұл туралы YK-news.kz сайты жазды.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медицина қызметкерлері жеткен кезде ер адамның жағдайы ауыр болған. Науқастың терісі көгеріп, тыныс алуы сырылдап, тыныс жолдарының өткізгіштігі айтарлықтай бұзылған.
Фельдшерлер шұғыл көмек көрсетуге бірден кірісіп, Геймлих әдісін қолданған. Соның нәтижесінде тыныс жолына тұрып қалған тағам бөлігі шығарылып, ер адамның өздігінен тыныс алуы қалпына келген.
Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны қосымша тексеру және медициналық бақылауда ұстау үшін ауруханаға жеткізген.
Материал авторы