Айжан Нұрмағамбетова Алматыдағы кардиология орталығында ем қабылдады
«Құрмет» орденінің иегері өзіне ем көрсеткен дәрігерлерге ризашылығын жеткізді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның танымал әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова жүрегін тексерту үшін Алматы қалалық кардиологиялық орталығына жүгінген. Өнер иесі медициналық мекемеде ем қабылдаған.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желідегі парақшасында әншімен медициналық мекемеде түсірілген видеоны жариялады.
«Құрмет» орденінің иегері кардиологиялық орталыққа баруының өзі үшін ерекше мәні бар екенін айтты. Өйткені кезінде бұл мекемеде анасы да емделген.
«Қандай да бір себеппен осы орталыққа келдім. Кезінде мұнда анам да ем алған. Дәрігерлер – нағыз кәсіби мамандар, маған өте жақсы қарады. Сол үшін оларға алғыс айтамын», – деді әнші.
Айжан Нұрмағамбетова өзіне медициналық көмек көрсеткен қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, емдеуіне қатысқан мамандарды аты-жөнімен атап өтті.
Әншінің айтуынша, бұл орталықтың дәрігерлері бұған дейін анасына ғана емес, композитор құрбысына да көмек көрсеткен.
Материал авторы