Ташкенттегі халықаралық турнирде «Астана» футболшылары топ жарды
2017 жылы туған футболшылар алты кездесудің барлығында жеңіске жетіп, қарсыластар қақпасына 47 гол соқты.
Жарысқа үш дивизионға бөлінген 44 команда қатысты. Футбол орталығының «Астана» командасы ең жоғары дивизионда өнер көрсетіп, 16 ұжым арасында үздік шығу үшін бақ сынады.
Астаналық жас футболшылар турнир барысында алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Қарсыластар қақпасына 47 гол соғып, өз қақпасына небәрі алты доп жіберген.
Dostlik Cup турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
-
«Астана» ФО — бірінші орын;
-
«Пахтакор» академиясы — екінші орын;
-
«Қайрат» академиясы — үшінші орын.
Айбек Жапасов пен Кирилл Малиев жаттықтыратын жас футболшылардың бұл жетістігі — команданың жүйелі дайындығы мен алаңдағы жоғары ойын деңгейінің нәтижесі.