Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өзін-өзі ұсынбақ
Қырғызстанның қазіргі президенті 2027 жылғы 27 қаңтарда өтетін сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатысуға өтініш берген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров 2027 жылғы қаңтарда өтетін мемлекет басшысы сайлауына өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде қатыспақ. Ол Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін өтініш берген. Бұл туралы 24.kg жазды.
Басылымның мәліметінше, 10 қарашадағы жағдай бойынша Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат болуға ниетті алты адамнан өтініш түскен.
Олардың қатарында Садыр Жапаровтан бөлек, бұған дейін сайлауға қатысатынын мәлімдеген Аймен Касенов, Азамат Есенбеков, Сыймык Жапыкеев, Акай Кыдыров және Исхак Масалиев бар.
Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады. Ал Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.
Материал авторы