Орталық Азия елдеріндегі көшбасшы әйелдер Astana Hub технопаркімен танысты

20.06.2023, 12:43
800
Орталық Азия елдеріндегі көшбасшы әйелдер Astana Hub технопаркімен танысты astanahub.com

«Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» форумының делегаттары – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Қазақстанның көшбасшы әйелдері, сарапшылар мен ІТ-жоба авторлары Astana Hub халықаралық технопаркімен танысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub-қа сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Astana Hub халықаралық технопаркінде мыңнан астам IT-компания тіркелген, оның 179-ын әйелдер басқарады. Әйелдер құрған IT-стартаптардың басым бөлігі әлеуметтік сала мен EdTech саласын дамытуға бағытталған. Және олар Орталық Азиядағы әйелдер диалогының отырысында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Астанада Қазақстанның төрағалығымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтті. Басты тақырып – инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі. Отырыс барысында Astana Hub қатысушылары өз жобалары жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

«Біздің компания IT мамандықққа оқытумен, жұмысқа орналастырумен айналысады, ең бастысы, біз ШОБ-қа цифрлық шешімдерді енгізудеміз. Өз басым, қыздардың бұл үрдістен шет қалмауы үшін әйелдерді IT саласына тартуға ерекше мән беремін. Қазір біздің компания Astana Hub және Google стартаптарға арналған бағдарламаға қатысып жатыр. Осы акселератордың бір бөлігі ретінде біз жасанды интеллект негізіндегі Codify ботын әзірледік, ол компанияларға цифрлық шешімдерді бизнес-процестерге енгізуге ғана емес, сонымен қатар қажетті қызметкерлерді табуға көмектеседі. Біздің басты мақсатымыз – стартап-ұлтты құруға үлес қосу, яғни дамыған елдерге мигрант болмай, оның орнына біз Орталық Азиядан IT өнімдерін әлемдік нарыққа экспорттайтын өңірге айналу керекпіз», - деді Codify IT компаниялар тобы негізін қалаушы және бас директоры Динара Руслан.

Қазақстанның АКТ саласына жыл сайын 30 мың маман қажет. Қазір елімізде IT саласында жұмыс істейтіндердің 31 пайызы әйелдер. 2022 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында ашылған ресурстық орталықтар кәсіпкер әйелдерге көмектесу үшін он мың жобаны қолдады. Цифрландырудың басты мақсаты – өмір сапасын жақсарту және барлығына тең мүмкіндік жасау. Бұл адамдарға, әсіресе әйелдер мен қыздарға бағытталған инклюзивті көзқарасқа қалыптастырды.

«Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын баланың туу туралы куәлігін алу үшін мемлекеттік мекемелерге бару, құжаттар пакетін ұсыну қажет болды, ал төлемдерді қабылдау бір айға дейін созылатын еді. Ал бүгінде жаңа босанған әйелдер барлық қажетті қызметтерді проактивті форматта ала алады, яғни ол электронды үкіметтің хабарламасына жауап берсе болды, ал қалған жұмысты E-gov тындырады. Сондай-ақ әйелдер елімізде маңызды жобалар жасап жатқанын атап өткім келеді. Біздің Astana Hub IT-стартаптарға арналған флагманымыз осы бағытта жұмыс істеп, инновациялар үшін экожүйені дамытуда», - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, TechnoWomen Қазақстан мүшесі Әсел Молдабекова.

Әйелдер негізін қалаған IT-жобалары жоғары тиімділік көрсетіп, сыртқы нарыққа шығып жатыр. Сондай-ақ соңғы кездері қыздардан ІТ-бизнеске оқуға өтініштер көбірек түскені байқалады. Мысалы, Tech Orda жекеменшік IT мектептерін қаржылық қолдау бағдарламасы аясында 3067 студент грантқа ие болса, соның 39 пайызы әйелдер.

Сондай-ақ Astana Hub ЦДИАӨМ қолдауымен және ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, IT-Aiel бағдарламасын іске қосты. Оның аясында 2000 жұмыссыз әйел  No Code School, Freelance School, сондай-ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарынан өте алады.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша алдағы 30 елдің қатарына кіреді, атап айтқанда, «Онлайн қызметтер» қосалқы индексі бойынша 8-ші орында және E-Participation қосалқы индексі бойынша 15-ші орында. Өткен жылы ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен 10 қараша - «Цифрландыру күні» кәсіби мерекесі бекітілді. Ал марапатталғандардың жартысына жуығы Қазақстанды цифрландыруға үлес қосқан әйелдер болды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды