Астанада депутаттар мен әкімдік өкілдері «Қазақтелекомның» қызмет сапасын тексерді

29.06.2023, 16:25
1007
Астанада депутаттар мен әкімдік өкілдері «Қазақтелекомның» қызмет сапасын тексерді

«Қазақтелеком» компаниясы Астанадағы қолданысқа жаңа берілген «Ұмай» ТК GPON технологиясымен қамтамасыз етті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

«Қазақтелеком» ұсынған заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен ең озық технология бойынша сервистер енді жаңа «Ұмай» ТК-нің тұрғындары үшін қолжетімді болмақ. Оптикалық желілерді салу бойынша монтаждау жұмыстары аталған тұрғын үйдің құрылыс кезеңінде жүргізілген. Сондықтан тұрғын үй иелері қоныстанған алғашқы күннен-ақ «Қазақтелеком» интернетін қосуға мүмкіндік алған. Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бастаған жергілікті билік органдарының өкілдерінен құралған делегация тұрғындардың пікірін біліп, сондай-ақ компания ұсынатын қызметтердің сапасына көз жеткізіп қайтты.

Еске сала кетсек, «Қазақтелеком» 2023 жылды қызмет сапасын жақсарту жылы деп жариялаған болатын. Компанияның осы бағытта атқарып келе жатқан істерін барша қазақстандықтар, сарапшылар, депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бағалайды.

Мәселен, елордалық мәслихат төрағасы, Астана қаласының «Алматы» ауданының әкімі мен «Астана Innovations» АҚ басшысы маусым айының ортасында пайдалануға берілген «Ұмай» ТК барды. Бүгінде тұрғын үй кешеніне қоныстану белсенді жүріп жатыр. Сондай-ақ тұрғын үй иелерінің жалпы санының үштен бірі көшіп келе, бірінші күнінен бастап «Қазақтелеком» қызметіне қосылған. Солардың бірі Честных жанұясы қызмет сапасына қатысты мынадай пікір білдірді:

«Тұрғын үйдің кілтін алғаннан кейін, бірден жөндеуге кірістік. Осы уақытқа дейін «Қазақтелеком» желісі пәтерлерге тартылып қойған екен. Бұл косметикалық жөндеу кезінде модемді орнатуға ең қолайлы орын қай жерде екенін анықтауға көмектесті. Мұның бәрін жөндеу жұмыстарымен қоса біріктіруге, кейін пәтердің эстетикасын бұзбауға өте ыңғайлы екен. Кіреберістерден де бірде-бір артық шыққан кабельді көрмейсіз. Барлық сымдар арнайы кабельдік арналарға ұқыпты бөлінген», - дейді «Ұмай» ТК тұрғыны Елена Честных.

«Қазақтелеком» АҚ Коммуникация департаментінің ақпаратына сәйкес, соңғы бірнеше жылда деректерді беру үшін қолданылатын GPON технологиясы бір ғана кабель арқылы іске асатындықтан, ең алдымен бірнеше қызметтерді – жоғары жылдамдықты интернетті, сандық теледидар мен IP-телефонды қосу өте ыңғайлы. Оптикалық желі арқылы қосылу жылдамдығы 500 Мбит/с-қа жетеді. Бұған жаңа тұрғындардың қатысуымен жылдамдықты өлшеу жүргізіліп, делегация мүшелері байланыс сапасына көз жеткізген.

Аталған технологияға қатысты Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов мәлімдемесінде:

«Қазір халықты жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету - маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оған қатысты сауалдар бізге азаматтардан да, бизнес өкілдері тарапынан да келіп жатады. Құрылыс жұмыстары жоғары қарқынмен жүргізіліп жатыр, көріп тұрғанымыздай, «Қазақтелеком» - еліміздің телекоммуникациялық нарығының ірі ойыншысы ретінде уақыт талабы мен тұтынушылардың сұранысын елеусіз қалдырмауға тырысып жатыр», - деп атап өтті.

Айта кетейік, бүгін де «Қазақтелеком» компаниясы оптикалық кабель төсеу бойынша монтаждау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ салынып жатқан тұрғын үй объектілеріне кедергісіз қол жетімді ету бойынша әзірлеген ұсыныстарын «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасына енгізуге ұсынған.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қазір бекітілу сатысында тұр. Егер біздің ұсыныстарымыз қабылданса, онда бекітілген тұрғын үй объектілерін интернетизациялауға қатысты нормалар алдағы уақытта қазірде әзірленіп жатқан Құрылыс кодексіне енеді. Бұл біздің инсталляторларымыздың жұмысын едәуір жеңілдетіп, әрі жеделдетпек. Демек, телекоммуникация қызметтерін қосу процесі бұрынғыдан да едәуір жылдам болмақ», - дейді «Қазақтелеком» АҚ Орталық ӨТД  В2С сегментінің коммерциялық директоры Әлия Ескендірова.

Департамент берген мәліметке сәйкес, ағымдағы жылы қызмет сапасын жақсартумен қатар, компания абоненттік сұранысты бірінші рет шешу мүмкіндігіне, қызметтерді 24 сағат ішінде қосуға баса назар аударып отыр. Жыл басынан бері елордада талшықты-оптикалық магистральға 45-тен астам үй қосылса, 10 мыңнан астам тұтынушы жылдам интернетке қол жеткізген. Жыл соңына дейін компанияда бұл көрсеткішті 32 мыңға дейін жеткізу жоспары бар.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды