Экономиканың күре тамыры болған мұнай өндірісінің ақсаңдауы аса қауіпті

05.07.2023, 12:47
574
Экономиканың күре тамыры болған мұнай өндірісінің ақсаңдауы аса қауіпті smartnews.kz

Электр қуаты берілмей қалса бәрі де тоқтайды, ал салдарынан экономикаға кері әсері тиюі мүмкін.

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергия блогының ажыратылуына байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарындағы «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарының кен орындарында мұнай өндіру жұмысы жартылай және толық тоқтатылды. Ұңғымалардағы жұмыс электр қуаты қосылғанда қайта басталды. Электр қуаты тұрақты беріле бастаған сәттен зауыттың технологиялық қондырғылары қалыпты жұмыс режиміне біртіндеп көшеді. Апта соңына дейін кәсіпорын мұнай өнімдерін бұрынғы көлемде шығара бастайды деп жоспарланып отыр.

Атырау мұнай өңдеу зауыты бұл жағдайға қарамастан, жинақталған қор есебінен мұнай өнімдерін жөнелтуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда зауыт резервуарларында 26 мың тонна автобензин, 34 мың тонна дизель отыны, 1500 тонна сұйытылған мұнай газы, 6 мың тонна авиакеросин бар екен. Бұл көлем өнімді жеті күн бойы тұрақты жөнелтіп отыруға жетеді.

Электр қуатының жетіспеуінен мұнай өндірісіне айтарлықтай нұқсан келіп жатқан көрінеді. Кен орындарында тек соңғы алты айдың ішінде электр қуаты дәл осылай 11 рет ажыратылған екен. Жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған ұңғымалардың жалпы саны – 13 мың, есеп бойынша мұнай өндірісі 5 миллиард теңге көлеміндегі кірістен айрылыпты.

Соңғы 2,5 жылда мұнай-газ өндіру активтерінің барлығында электр қуатының үзілуінен жалпы 279 мың тонна мұнай өндірілмеген.

2023 жылы кен орындарында электр қуаты 153 рет үзіліп қайта қосылған. Соның өзі 75 мың тонна мұнайдың өндірілмей қалуына себеп болған. Қуаттан қас қағым сәтке бір ажырағанның өзінде бүкіл жүйені қайта іске қосу процессі ұзақ уақытты алатын болса керек. Ал технологиялық қондырғылар тоқтатылғаннан кейін екпіндеп келіп тұрған көмірсутегілер аспанға шаншылған алау құбырларына түсіріліп, от-жалынға айналып жатады екен.

Бір ғана «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамын алып қарасақ, электр қуатының ажырап-қосылуынан соңғы екі жылда 45 мың тонна мұнай жоғалтқан. Ал қуаттан ажыратылған кешегі сәтте бірден 2,5 мың тонна мұнай өндірілмей қалған. 
Жалпы, бұған электр желілері инфрақұрылымының тозығы жеткені себепкер болып жатыр. Қалыпты жұмыс режиміне біртіндеп шығудың өзі үлкен жұмыс болайын деп тұр.

Мұнай өндірісі саласында тосыннан қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет отырысы өтті. «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының есебіне қарағанда, электр энергиясы қайта іске қосылғаннан кейін зауыт қолда бар қорлардан мұнай өнімдерін жөнелте бастаған. Атырау мұнай өңдеу зауытының резервуарларында бүгінгі таңда 26 мың тонна автобензин, 33 мың тонна дизель отыны, 1 200 тонна сұйытылған мұнай газы бар. Жалпы ел бойынша АИ-92 бензині мен дизель отынының қорлары бір айға, АИ-95 бензині екі аптаға жетеді. Ал мұнай өнімдерін өндірудің бұрынғы көлеміне шығу үшін бірнеше күн уақыт керек екен. Электр қуатын жеткізудегі кемшіліктің технологиялық ақаулары әлі анықталған жоқ.  Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар мұнай-химия зауыты мен Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара уақытша тоқтатылған.

Мұндайда халықтың ойына бірінші кезекте келетін нәрсе – жанармай тапшылығы бола ма, болмай ма деген мәселе. Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов:

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда», – деді. Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес апаттың себептерін тексеру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылғанын айтты. «Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазіргі таңда ең бастысы – барлық кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіріп, тұтынушыларды электр энергиясымен толығымен қамтамасыз ету», – деді Әлихан Смайылов.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты