"Қарақаттың қолынан да ұстамаппын": Қыдырәлі Болманов жастық шағын еске алды

14.08.2023, 18:50
646
"Қарақаттың қолынан да ұстамаппын": Қыдырәлі Болманов жастық шағын еске алды kydyrali_bolman

Әлеуеметтік желіде әнші Қыдырәлі Болмановтың жары Қарақатпен таныстығы жайлы және ауылда өткен жастық шағы туралы жазбасы жарияланды.

“Қарақатпен танысқанда ол 18 жаста болатын. Содан бері жұбымыз жазылмапты. Төрт жылға жуық қасыма ертіп жүріп, қарындасымдай қарап әрі мінез-құлқын зерттеп жүріп, қолынан да ұстамаппын. Осы кезде есіме ауылым, балаң жігіт кезіміз еске оралды”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

Әнші ауылдағы қайғысыз, қамсыз өткен жасөспірім шағын еске алды.

“Сәл кейін шегінсек… Қара шаңырақ Қарсақбай дейді біздің жақта. Қаныш Сәтбаев атамыз тұрған ауыл. Ағылшындар алғашқы завод салған жер. Біздің бірге жүретін достарымыз спортқа, өнерге жақын болатын. Арақ-шарап дегенді татып алмайтынбыз. Біздің "вечерлеріміз" керемет көңілді өтетін. Небір билер биленіп, отыра қалып, сағаттап гитарамен ән айтатынбыз. Сосын жанды дауыста менің "жеке концертіме" жалғасып, таңа ата тарайтынбыз.  Вечерге келген ауылдың әрбір сұлуын үйлеріне дейін шығарып салып, ешкімге жәбірлетпей, қабақтарына кірбің түсірмеуге тырысып, кәдімгідей қамқор болатынбыз. Кеш бойы қадағалап қарайтынбыз. Жасөспірім жігіттерміз. 16-17 жас шамасында болармыз. Әрі кеткенде баяу әнге қыздарды вальсқа шақырамыз. Би басталысымен шам сөндіру бір “мода” болатын. Ауылдағы “ақсүйек” ойынының заманауи бір түрі болар, сірә”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары да әншімен бірге жастық шаққа сапар шекті.

“Дәл сіз жазғандай күйді сол кездің ұлы да, қызы да бастан өткіздік қой”, “Талай жігіт келіп сөз айта алмай, кеткен еді ұялып”, “Сонау 80-ші жылдары ауыл кеші сондай еді”, “Студент кезім есіме түсіп кетті”, “Қайта оралмас кездер”, “Ол кездегі барлық адамның ойлауы, сыйлауы керемет еді”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Белгілі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет тұрмысқа шыққалы жатыр (ФОТО) Түркия оппозициясының лидері Ердоғанға сес көрсетті Бүркіт пен Аиша кенже қызын қырқынан шығарды Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның Ресейге қосымша әскер жіберіп жатқанын анықтады Жасанды интеллект көмегімен іздеудегі 285 адам ұсталған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі желіде жылаған видеосын жариялап, сыр ақтарды (ВИДЕО) Маңғыстаулық әкеге 10 қызы үй алып берді (ВИДЕО) Соқырішекпен ауруханаға түскен келіншек сәбиінен айырылған соң дәрігерлер жазаланды Мәулен Әшімбаев: Парламентте мерзімінен бұрын сайлау өткізуге еш негіз жоқ АҚШ-та актер Санұржан Сүлеймен өртеніп жатқан көліктен адам құтқарды (ВИДЕО) Қырғызстанда қырғыз тіліне басымдық беретін заң қабылданды «Абыроймен кеткім келді»: Тұрсын Алагөзов бірінші әйелімен ажырасуы туралы алғаш рет ашық айтты Ресейден заңсыз шошқа етін тасығандар ұсталды