Омар Жәлел 20 жастан асқан әйел адамдардың барлығын "кәрі қыз" деп атады

05.09.2023, 15:23
967
Омар Жәлел 20 жастан асқан әйел адамдардың барлығын "кәрі қыз" деп атады Видеодан алынған кадр

Филолог, абайтанушы Омар Жәлел “Адал адам” бағдарламасында 20 жастан асқан қыздардың “қателігін” бетіне басты.

“Жаспын, өмірім алда” деп айтатын 35 жастағы әйелдер көп. Олар иллюзияда жүр. Негізі өмір құмсағат сияқты өтіп жатыр, олар күн сайын қартайып жатыр. Қазақ айтады: “20-ға келген қыз кәрі болады, өңі кетіп, шырайы сары болады. Ер елуге келсе де, айып жоқ, әрқашан біреудің жары болады” дейді. Объективті шындықта ол – кәрі қыз. Ол кәрі қыз екенін түсінген кезде ғана ақыл кіре бастайды, шешім қабылдайды. Ол көзде көк етікті кездеспейді. Тек көне етіктіге ғана тиеді. Шал ақын: “20-ға келген қыз кәрі болады” дейді. Жақында Салтанат Байқошқарованы тыңдадым. Сонда репродукциологтың айтуынша, қыз баланың тұрмысқа шығатын ең қуатты шағы – 18-20 жас аралығы. Қыз бала жас кезінде тұрмысқа шығуы керек. Ал олар үй салып алайын, мансап жасап алайын деп жүргенде, мүмкіндіктен айырылып қалады”, – дейді Омар Жәлел.

Атышулы филолог кәрі қаздарға ұл тауып, балалы болудың жолын айтты.

"Жұрт не дейді деп қорқып, Құдайдың бұйрығын орындамай отырған қыздар бар. Уақыт өтіп кетіп, тұрмысқа шықпайды. Бала табайын десе, қоғамдағы сыбыс пен өсектен қорқады. Сөйтіп, қартайғанда жалғыз қалады. Қазақта "Ойнас қыл да, ұл тап" деген сөз бар. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан". Ыммен айтып отырмын. Оны түсіну үшін адамда ілім болуы керек. Мұндай қыздарға “қалай да болсын ұл тауып ал” деп айтар едім. Негізі бұл –құпия нәрсе. Мұны түсінген адам өзінің ақылы, түйсігімен шешеді. Талай әйелді білемін. Бір мысал айтайын. Тұрмысқа шыға алмаған  жасы келген қыз өзі жақсы көретін беделді еркектен ұл туып алды. Ол ешқандай шарт қоймады. Бастысы, ниеті дұрыс болды. Себебі оған ұрпақ керек болды. Қазір ешкімнен кем емес. Ұлды өсіріп, келін түсіріп, немере сүйіп отыр", –  дейді абайтанушы.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты