Қазақтардың бірегей ДНҚ-сы бар, оны Димаш Құдайбергеннен байқауға болады - Паскаль Майер

05.10.2023, 13:02
774
Қазақтардың бірегей ДНҚ-сы бар, оны Димаш Құдайбергеннен байқауға болады - Паскаль Майер Nobel Fest 2023

Бейресми түрде «ғылыми Оскар» деп аталатын breakthrough Prize (Серпін) әлемдік сыйлығының лауреаты, ДНҚ талдау саласындағы революционер Паскаль Майер қазақстандықтардың дарындылығы жайында айтты.

«Ғылыми Оскар» лауреаты: «Қазақтардың бірегей ДНҚ-сы бар. Ол Димаш Құдайберген және Күнсұлу Закария сынды талантты адамдардан байқалады»

Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Nobel Fest ғылыми фестивалі кезінде мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, мен өмірімнің көп жылдарын ДНҚ-ны зерттеуге арнадым. Мен бір нәрсені айтқым келеді – қазақтардың бірегей ДНҚ-сын көру үшін маған арнайы технологияның керегі жоқ. Оны Димаш Құдайберген, Күнсұлу Закария сынды талантты адамдардан байқауға болады. Францияда біз Қазақстан туралы көп естімейміз, бірақ COVID кезінде сіздердің QazVac вакцинасын  шығарғандарыңызды естідік және таңғалдық. Сіздер оны бақылау үшін клиникалық сынақтар жүргіздіңіздер. Министр Саясат Нұрбектің сөзі маған қатты әсер етті, әрине, бұл француз министрлерінің сөзінен әлдеқайда жақсы», - деді ол.

Спикер өз сөзінде біз жасанды интеллект басқаратын және ақпаратқа сенуге болмайтын әлемде өмір сүріп жатқанымызды атап өтті.

«Қазірдің өзінде жасанды интеллектті қолданудың жаңа кезеңі басталып кетті. Ол адамдардың орынын ауыстыруда. Мысалы, жаңалықтарды, суреттерді өңдеп жатыр және жақын арада фильмдер түсіріледі. Рас, нақты жаңалықтар мен фейкті ажыратуда қиындықтар бар. Болашақ әлемінде сенім ең маңызды актив, ең маңызды элемент болады. Сіз көршілеріңізге, өзіңіз білетін адамдарға сене аласыз, бірақ жаңалықтарда, интернетте көргендеріңізге сене бермейсіз. Егер біз осы кедергілер мен қиындықтарды жеңе алмасақ, онда адамзатқа өмір сүру өте қиын болады», - деді ол.

Айта кету керек, Паскаль Майер ДНҚ талдауындағы революция жасағаны үшін ғылыми Оскар сыйлығын жеңіп алған. Оның техникасымен жоғары жылдамдықпен және айтарлықтай төмен шығындармен ДНҚ талдауларын жүргізуге болады. Мысалы, адамның алғашқы толық геномының реттілігі 2003 жылы, он жылдан кейін және 1 миллиард доллардан астам инвестициядан соң аяқталған. Паскаль Майер технологиясының арқасында бұл процесті енді бір түнде және 1000 долларға анықтауға болады.

Nobel Fest – халықаралық EdTech платформасы. Фестивальдің басты мақсаты – қазақстандықтарды білімге, ғылымға жəне инновацияға баулу. Nobel Fest жыл сайын 100 елден 500 000 қатысушы мен 500 университеттің басын қосады, жан-жақты білімнің ұзақ мерзімді дамудағы жəне жарқын болашақты қалыптастырудағы рөлі туралы талқы алаңына айналады.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты