199 млн теңге өндірілді: Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі 8 жылға сотталды

10.10.2023, 20:05
698
199 млн теңге өндірілді: Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі 8 жылға сотталды Ермек Имантаев

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевтан 199 миллион теңге өндіріліп, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот Ермек Имантаевты кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Азаматтық талап қанағаттандырылып, сотталған азаматтан мемлекет кірісі ретінде 199,4 млн теңге өндірілді", – делінген Ақтөбе қалалық №2 сотының хабарламасында. 

Еске салсақ, Имантаев аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру (ҚР ҚК 189-бабы) бойынша айып тағылып, сотқа берілді.

"Имантаев Е., "Ақтөбе" ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, Садовое тұрғын алабындағы 24 гектар жер телімін 10 есеге арзандатылған бағамен заңсыз сатып жіберген. Жауапкер жер телімінің нарықтық құнын қасақана 20 миллион теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат беріп, иеліктен шығарылған жер учаскесі үшін төлем жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушы С.-мен заңсыз сатып алу-сату шартын жасасқан", – делінген соттың хабарламасында.

Жер телімінің нысаналы мақсаты "жеке тұрғын үй құрылысынан" "көпқабатты тұрғын үй құрылысына" өзгертіліп С. есімді тұлғаға қайта рәсімделгені көрсетілген.

"Шағын аудандағы 17,2 гектар жердің бір бөлігін төрт жер теліміне айырбастаған азамат С. тұрғын үй салушыларға одан әрі сату үшін Имантаевтың нұсқауымен азамат С. жоғарыда аталған жер телімдерінен Батыс-3 ықшам ауданындағы үш жер учаскесі және Садовое тұрғын алабындағы 2,3 гектар жердің қалған бөлігі алынып, үшінші тұлға К-ға қайта тіркелген", – делінген хабарламада.

Осылайша, бұрынғы әкім акционерлік қоғам атынан мемлекетке аса ірі көлемде 199,4 миллион теңге залал келтірген.

Имантаев 2002-2004 жылдар аралығында Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған. 2019 жылдың 20 қарашасында Имантаев "Ақтөбе" ӘКК басқарма төрағасы болып тағайындалды, ал 2021 жылдың наурызында бұл қызметтен кетті. Осы жылдың ақпан айында Ермек Имантаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қамауға алынды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды