800 млн. теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқықтары қорғалды

04.11.2023, 13:53
668
800 млн. теңгеден астам сомаға тұтынушылардың құқықтары қорғалды ашық дереккөзден

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің алқа отырысы өткізілді, онда ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері бойынша баяндалды.

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің алқа отырысы өткізілді, онда ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелері бойынша баяндалды.

Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Комитет төрағасының орынбасарлары баяндама жасады.

Төрағаның орынбасары Булат Танабергеновтің айтуынша, осы кезеңде өтініштердің өсу қарқыны 159% - құрап, тұтынушылардан өтініштерінің саны 33 мыңға жетті.

Ең жиі бұзылған салалар бөлшек және электрондық сауда, тұрмыстық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сондай-ақ байланыс қызметтері болды. Электрондық сауда өтініштердің 3 еседен астам әсерлі өсуін көрсетіп, осы мәселенің өзектілігінің артып келе жатқанын айғақтады. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 15 мыңнан астам тұтынушының немесе 46,2% - ның құқықтары түсіндірілді, 11 мыңнан астам тұтынушының немесе 34,8% - ның талаптары қанағаттандырылды.

Бұл ретте, тұтынушыларға 800 млн. теңгеден астам қайтарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсімнің 150% -. құрайды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бақылаудың 403 нысаны жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 есе көп.

Бұдан басқа, Министрліктің ахуалдық штабы шеңберінде сапасыз және қауіпті өнімді анықтау мақсатында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен жыл басынан бастап барлық өңірлерде Ұлттық сараптама орталығының өкілдерімен бірлесіп импортталатын сүт өнімдерін, құс еті, шұжық өнімдерін, ірімшікті, сары майды, күнбағыс майын іріктеу жүргізіп сараптамаға ұсынылды.

Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша сүт өнімдерінің 55 түрі (сүт, кілегей, айран, май, күнбағыс майы, сүзбе, ірімшік) зерттелді. Сондай-ақ ет өнімдерінің 26 түрі (құс еті, балық еті, шұжық өнімдері) зерттелді.

Жұмыс қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы 63 декларацияның күші жойылды. Аумақтық департаменттерде сатып алынған тамақ өнімдерінің ең көп саны: Шымкент – 16, Алматы облысы – 12, Алматы қаласы - 11, СҚО - 10.

Аумақтық департаменттердің БАҚ-пен жұмысына қатысты, тұтынушылардың құқықтары мен оларды қорғау туралы жұртшылыққа белсенді түрде ақпараттық білім беруіне қатысты, - Төрағаның орынбасары Серік Құсайынов атап өтті.

Аумақтық департаменттердің жұмысын бағалау ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерінің қорытындысы бойынша Алматы қаласы, Астана қаласы және Павлодар облысы көшбасшы болғанын көрсетті. Төмен көрсеткіштер Абай облысы, Түркістан облысы және Жетісу облысы.

Төраға Тынысбеков Асқар Комитетке сапасыз және қауіпті өнімдерді анықтау бойынша Министрліктің ахуалдық штабы шеңберінде қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жұмысты жалғастыру міндетін қойды. Ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сауда және интеграция министрі жариялаған «Сапалы Өнім» қоғамдық қозғалысының жұмысын жандандыру. Тұтынушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау мәселесін тұрақты бақылауда ұстау.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады