АҚШ енді Палестина жеке мемлекет болсын дей бастады

07.11.2023, 16:48
890
АҚШ енді Палестина жеке мемлекет болсын дей бастады bangkokbook.ru

Газа аумағындағы ахуал күрделі. Себебі соғыстың тоқтайтын түрі көрінбейді.

Басып кірген Израиль әскерінің бомбасы мен оғынан бейбіт тұрғындар әлі қаза болуда. Гуманитарлық көмек барғанымен жетпесе керек, Газа қаласы мен өзге елде мекендерде су мен нан тапшы. Аймақ қауіпті жұқпалы ауру түрлерінің ошағына айналудың сәл-ақ алдында тұр. Соғыс жалғаса берсе бейбіт тұрғындардың едәуір бөлігі құрбан болып кетуі де ғажап емес. Сондықтан көрші араб елдері бір жағынан, АҚШ екінші жағынан соғысты уақытша тоқтатудың қамын жасап жатыр. Соғысты уақытша тоқтатып, шет ел азаматтарын, мүмкін Газа аймағындағы жарақат алған бейбіт тұрғындарды және жас балаларды шекарадан шығару керек. Ал қираған қаладағы бейбіт тұрғындардың ес жиып алуына мүмкіндік беру де қажет. Соғыста үзіліс болмаса бейбіт тұрғындарды мүмкіндігінше атыс пен жарылыстан қашықтау ортаға көшіру де оңай болмайды. Гуманитарлық көмекті жеткілікті етіп, эпидемияның алдын алудың әрекетін жасасақ дейді. 

Соғысты уақытша тоқтатуға әзірге Израиль ырық бермей тұр. Жоспарлы шабуылын жүзеге асырып жатқан Израиль соғысты уақытша тоқтатсақ ХАМАС күш алып кетеді деп ойлайды. Ал ХАМАС Израильге қарсы соғысуын ешуақытта тоқтатпайтынын ашық айтып жатыр. Тіпті қазіргі құрылымын жойып жіберген күнде де тұрғындардың ішінен ХАМАС қайта өсіп шығатынын әлем біліп отыр. Дегенмен Израиль тарапынан жасалып жатқан бүгінгі қырғынды тоқтату керек деген талап таразы басып тұр.

Әлемде Палестинаны қолдап митингіге шығудың екінші толқыны белең алды. Вашингтонда ондаған мың адам көшеге шығып, Израильге қарсылығын білдірді. Шыққандар АҚШ билігінен Израильге көмек бермеуді талап етті. Митингіге АҚШ-тың барлық штаттарынан адамдар барған. Митингіге жиналғандар Палестина халқына қуғын-сүргін жасау тоқтатылсын деп ұрандатты. Көптеген мұсылман отбасылар көшеге жас балаларын да ертіп шығыпты. АҚШ-та жүрген мұсылман елдерінің тумаларын біріктіретін түрлі қоғамдық ұйымдар бар екен. Солардың бәрі үлкен митинг өткізуге атсалысқан. Атап айтқанда, ол жақта «Палестинаның жастар қозғалысы», «Халықтық форум», «Америкалық мұсылмандар альянсы» деген сияқты ұйымдар бар.

Мұндай митинг соңғы күндері Еуропа елдерінде де өтіп жатты.  Ұлыбритания, Франция, Германия және Түркия қалаларында  мыңдаған адам Палестинаны қолдау мақсатында көшеге шықты. Олар Газа секторына оқ атуды тоқтатуды талап етіп, Израиль әскерін сынға алды. Тіпті Израильдің тұрғындары да үкімет резиденциясының алдына жиналып, премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін талап етті.

Лондонда мыңдаған адам «Оқ жаудыруды тоқтатыңыздар», «Біз мыңдаған, миллиондаған адамбыз, бәріміз палестиналықпыз!» деп ұрандатты. Лондонда оншақты адам қамауға алынды. Ал Парижде Палестинаны қолдауға арналған рұқсат етілген митинг өтті. Адамдар Палестинаға жасалған зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды. Түркияның Стамбул, Анкара қалаларында жүздеген адам наразылық акциясына жиналды. Берлинде Палестина жалауларымен жүздеген адамдар жиналды, олар Газа секторына оқ жаудыруды тоқтатуды талап етті. Ал Иерусалимде жүздеген адам Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін және кепілге алынғандарды дереу босатуды талап етті. Тель-Авивте де адамдар көшеге жиналып, атысты тоқтатуды талап етті.

Израиль мен Палестинаға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен барды. Оның мақсаты – соғысты уақытша тоқтатуға ықпал ету. Жалпы, тәуелсіз Палестина мемлекетін құру бастамасын АҚШ-тың қолдайтыны мәлім болды. Энтони Блинкен Палестина мемлекетін құруға Вашингтон қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Өз алдына Палестина мемлекетін құру туралы бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, одан кейін Ресей президенті Владимир Путин де айтып еді.

Ал Израильдің Амихай Элиягу есімді Ұлттық мұра министрі Газаға атом бомбасын тастайық, ядролық қару қолданайық деген сөзді айтып, басы дауға қалды. Оның сөзінше, ХАМАС әскері өлімнен қорықпайды, сондықтан оларды қорқытатын басқа нәрсе табу керек. Берген сұхбатында Газаға гуманитарлық көмек беруге болмайтынын айтқан екен. Оған «Сонда не істейсіз, атом бомбасын тастайсыз ба?» деген сұрақ қойған. Министр «Бұл да бір нұсқа» деп жауап қатқан. Министр кепілдегі 240-тан астам адамды атом бомбасының құрбаны етуге болатынын да меңзеген. «Соғыста мұндай шығынға дайын болу керек» деген. Өз министрінің мұндай сөздерін премьер-министр Беньямин Нетаньяху жақтырмапты, тіпті әлгіні үкіметтің отырысына қатыстырмайтын болыпты. Ал Израиль оппозициясының Яир Лапид есімді жетекшісі бар екен. Сол саясаткер әлгі министрдің сөзін «Жауапсыз министрдің ессіз мәлімдемесі. Ол Израиль қоғамына зиян келтірді және халықаралық беделімізге нұқсан келтірді» деп сынады.

Қысқасы, Израиль-ХАМАС соғысының төңірегінде әңгіме көп. Соғысты тоқтату бастамасы тоқтаған жоқ.  

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады