Күніне кемінде 5 жемқорлық қылмысы жасалады

08.11.2023, 15:23
647
Күніне кемінде 5 жемқорлық қылмысы жасалады canva.com

Жемқорлар азаюдың орнына көбейіп жатқан сияқты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ит қорыған жерге өш демекші, жемқорлыққа қарсы күрес шираған сайын сыбайлас жемқорлық тамырын кеңге жайып барады. Деректер жаға ұстатып таң қалдырарлықтай. 

Екі-үш күн бұрын Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдаған. Ол жерде президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды. Осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар. Сонда есепке салып қарасаңыз айына сыбайлас жемқорлықтың 150 қылмысы жасалып, ал күніне шаққанда 5 қылмыстан келеді екен. Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелген. Сонымен қатар 2022 жылдан бері құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғаны айтылды. Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тапсыру мерзімі кешіктірілген құрылыс нысандарына қаржы жымқыру қаупі жөнінен мониторинг жүргізіп жатыр екен. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар деген 156 нысан айқындалған. Осы 156 нысанның бюджеті 2,44 триллион теңгені құрайды екен.

Жалпы соңғы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі көп нәрсені әшкерелеп жатқанын байқауға болады.  Мысалы, жақында шетелден алынған активтердің мемлекетке қайтарылғанын көрсетті. Виллалар және өзге де жылжымайтын мүліктер қайтарылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелде заңсыз иемденген мүліктерді көрсеткен видео жариялады.

Қазір Стамбулдағы пәтерлерді, Франциядағы үйлерді, Біріккен Араб Әмірлігіндегі екі вилланы және Мәскеудегі «Снегири Эко» және «Алтын кілттер» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тек шет елдегі емес, Қазақстан аумағында заңсыз алынған мүліктер де қайтарылып жатыр. Мысалы, Алматыда қонақүй ғимараты, «Қайсар Плаза» сауда орталығы, «Қайсар Тауэр» бизнес орталығы, «Майсат» бизнес орталығы, «МегаТау» сауда орталығы, «АрСат» бизнес орталығы, коттедждер мен жеке үйлер бар.

2021 жылдан бері қарай шамамен 857 миллиард теңге боларлық активтер мен қаражат қайтарылған екен.  Оның ішінде 159,8 миллиард теңге шет елдерден ақша күйінде қайтқан.

Биылғы жылдың басынан бері өңірлерде 215 лауазымды тұлға әшкереленді, оның 137-сі басшылар. Жемқорлыққа ұшыраған мемлекеттік қызметшілердің ең көп саны Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола, Абай және Жетісу облыстарына тиесілі екені айтылды. Жыл соңына дейін 180 миллиард теңгенің активтерін қайтару жоспарланғаны сөз болған еді.

Мемлекеттің мүлкін жымқырып сотталған Қайрат Боранбаевтың қамаудан босатылып, активтері қайтарды. Қайтарған нысандарының құны 33,75 миллиард теңгені құрады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып сотталған Тимур Тоқтабаевтың мүліктері де зәулім үйлері, қымбат көліктері және компаниядағы үлестері қайтарылды. Тоқтабаев ірі пайдалы қазбалар қоры бар кен орындарын өзіне қатысты тұлғаларға беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін 7 жылға сотталған. Өкілеттігін асыра пайдалануының мемлекетке материалдық залалы үлкен болса керек. Меншігінде болған кен орны, жерлері, зәулім үйлері, қымбат көліктері қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою оңай еместігін билік те, қоғам да біліп отыр. Бүгінде соттарға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пара берегендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылады. Ал жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Жемқорлықты азайту және жеке мүліктердің есебін нақтылау үшін жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыру міндеттелген. Мұндай шаралар жемқорлықтың төмендеуіне септік жасаған болар. Дегенмен өзгерген ештеңе жоқ. Күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың құлағы әр жерден қылтиып көрініп жатады. 10 айда 1,5 мың жемқорлық қылмысы деген өте көп емес пе?

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады