Қазақстанда әр алтыншы ерлі-зайыпты бедеуліктен зардап шегеді

11.11.2023, 12:46
611
Қазақстанда әр алтыншы ерлі-зайыпты бедеуліктен зардап шегеді dzen

Оған экологияның нашарлығы, әйел мен еркек денсаулығының төмендігі себеп.

KTK арнасының дерегінде, 2021 жылы ҚР Президентінің тапсырмасымен елімізде үш жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы қабылданып, мемлекеттік квотаның саны жетіс есеге ұлғайтылған болатын.

Бұл туралы халықаралық конгресте Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин мәлімдеп,  үш жылдық бағдарламаның нәтижесімен бөлісті:

«2021 – 2023 жылдар аралығында 21 000 отбасына экстракорпоралды ұрықтану әдісі қолданылып, 10 000 астам бала дүниеге келді. Бұл үлкен көрсеткіш. Енді «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылатын болды. Біз жыл сайын міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен 7000 жасанды ұрықтануды жасауды әрі қарай жалғастырамыз Яғни, алдағы жеті жылда 49 000 бедеулікке шалдыққан отбасы аталған бағдарламаға қатысып, ата-ана атануына мүмкіндік бар».

Биылғы конгресс Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығының құрылғанына 15 жыл толуына орай өткізіліп отыр. Жиында соңғы он бес жылда елімізде репродуктивті медицина деңгейінің даму қарқыны, әлемдік жаңа технологияларды елімізге әкелу сияқты мәселелер талқыланды. Осыдан он жыл бұрын қолданылған әдістер бүгінде түрленіп, жаңа технологиялар енгізілді. Ауыз толтырып айтарлық жетістік – жасанды интеллект. Яғни эмбриоскоп таймлапс режимінде сау эмбрионды таңдап, оның даму жағдайын бақылап отырады. Әр 5-10 минут сайын эмбрионды суретке түсіріп, дәрігерге оның әр өзгерісі туралы ақпарат беріп тұрады.  

Генетик Отарбаев Марат Қалдыбайұлының айтуынша, мұндай жасанды интеллект эмбриолог, генетик мамандарға үлкен көмегін тигізіп отыр.

«Жасанды интеллект эмбрионды жатыр қуысына енгізбес бұрын, бес күн ғана толған эмбрионға диагностика жасап, тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осындай жаңа технологияларды енгізу, басқа елдің тәжірбиесіне үңілу, оларды біздің елге енгізуде бүгінгідей халықаралық конгресстің пайдасы зор», - дейді генетик М.Отарбаев

Әлемдік репродуктивті медицина жатыр трансплантациясы, эмбрионды, баланы жасанды жатырда өсіру сияқты әдістерді енгізіп жатыр.

Мәселен, Швецияда жатыр трансплантациясы жасалған. Бұған қатысты м.ғ.д., профессор, репродуктолог В.Локшин мынадай пікір білдірді:

«Жатыр трансплантациясы әрине өте қиын операция, оған үлкен дайындық керек. Бөтен жатырды әйелдің ағзасы қабылдай ма, жоқ па, ол үшін ұзақмерзімді дәрілер тағайындау сияқты қиындықтар бар. Трансплантациядан көрі жасанды жатырды қолдану әдісінің болашағы зор дер едім. Дүниежүзінде бұл әдіске қызығушылық зор. Әзірге ғалымдар жасанды сиыр жатырына эмбрион өсіріп, одан туған бұзауға бақылау жасауда. Сондықтан репродуктивті медицинада  алдағы уақытта жасанды жатыр пайда болуы мүмкін».

Шараға ҚР Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева, еліміздегі ірі ғылыми-медициналық орталықтардың жетекшілері, АҚШ, Сауд Арабиясы, Дания, Испания, Ұлыбритания, Португалия, Қазақстан, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан жетекші мамандар қатысып, өзара тәжірбие алмасуда.

Айта кетейік, халықаралық конгресті ҚР Денсаулық министрлігінің қолдауымен Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Қазақстан репродуктологиялық медицина қауымдастығы 2008 жылы 2 қазанда құрылып, акушер-гинеколог, андролог, эмбриолог, генетик, психолог мамандардың басын қосты. Аталмыш ұйым репродукция саласындағы Еуропалық консорциум мүшесі саналады.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді