Мемлекетімізді жоққа шығарып, жеке куәлігімізден бас тартқандар сотталды

30.11.2023, 13:10
1200
Мемлекетімізді жоққа шығарып, жеке куәлігімізден бас тартқандар сотталды canva.com

Петропавл қаласында бір топ тұрғын «Еңбекшілердің халық кеңесі» деген ұйым құрығаны, биылғы жалдың наурыз айында жиын өткізіп айды аспанға шығарғаны есте. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Айды аспанға шығарғаны деуімізге үлкен себеп бар. Өйткені  олар Қазақстанды мойындамау, бағынбау, тұтас мемлекетімізді корпорация деп атау, КСРО-ның құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ғана өмір сүруге құқығы бар деп білу сынды ақылға қонымсыз тосын тұжырымдамаларын ашықтан ашық жариялаған болатын. Тағы бір елең еткізерлігі, олар тәуелсіз Қазақстанның азаматтығы мен жеке куәлігінен бас тартқандығы.

Ойлап қарасаңыз бұл тәуелсіз Қазақстанның негіздерін жоққа шығару мен мемлекеттігін жоюға үндеу болып шығады. Сонда олардың мақсаты Петропавл қаласын Қазақстаннан бөліп алып, жекедара әкімшілік құрылымға айналдырмақ болған ба, кім білсін. Мұндай топты ұйымдастырушылар не саяси сауатсыз, не көзсіз батыр адамдар. Батыр деуге келе қоймас, анық сауатсыз болып тұр.

Жиындары әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін қоғамда бұл үлкен резонанс тудырды. Ал құқық қорғау органдары бұл ұйымның мүшелерінің соңына түсті. Негізгі ұйымдастырушылары қамауға алынып, тергеу ісі басталған еді. Араға уақыт салып, енді солардың соты өтті. Сепаратизм туралы атышулы іс деген дақпыртқа ие болды.

Сөйтіп, Петропавлда құрылған «Еңбекшілердің халық кеңесі» ұйымының ең белсенді төрт мүшесі сотталды. Олар – 48 жастағы автодәнекерлеуші Вячеслав Зудерман, 40 жастағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған Елена Болдырева, 52 жастағы мұғалім Мадина Қапарова және жиналысқа хатшылық еткен және декларацияның мәтінін оқыған 37 жастағы сатушы Ольга Бережнова. Ұйымның қалған мүшелері сотқа куәгер ретінде қатыстырылды. Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 179-шы және 180-ші баптары бойынша кінәлі деп танылған. Бұл баптардың біріншісі билікті басып алу және мемлекеттің конституциялық құрылысын күштеп өзгерту әрекетін, ал екіншісі сепаратистік әрекетті қарастырады. Вячеслав Зудерманға үйінде оқ-дәрі сақтаған деген айып та қосымша тағылды.

Петропавл қалалық сотының үкімімен автодәнекерлеуші Вячеслав Зудерман 9 жылға, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Елена Болдырева 7 жылға, мұғалім Мадина Қапарова 7 жылға, сатушы Ольга Бережнева 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылар өз кінәсін мойындамады. Олардың айтуынша, «Еңбекшілердің халықтық кеңесін» құрудағы мақсаттары  әртүрлі жағдайларда адамдарға құқықтық көмек көрсету, қала проблемаларын шешу, қаланы көгалдандыру мен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасу болған көрінеді. «Еңбекшілердің халық кеңесі» ұйымының жиналысын бейнероликке жазып, әлеуметтік желіге таратқан адамға іздеу жарияланды. Себебі оған араздықты қоздырды деген айып тағылмақ.

Қазақстанда бұған дейін де талай адам сепартистік әрекеттері үшін сотталған. Мысалы, Петропавл қаласының бір орыс тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысын Ресейге қосайық деп Ютуб арнасы арқылы жаһанға жар салған еді. Ол 3 жылға қамалды. Тағы бір сепаратист орыс Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан шықты. Ол тұрғындарды сепаратизмге үндеген, өзі блогер болған. Бұл адам сепаратизмді насихаттағаны үшін бес жылға қамалды.  Петропавлда ерлі-зайыпты қос орыс Солтүстік Қазақстан облысын және Петропавл қаласын Ресейге беру керек деген сөздерді әлеуметтік желіге қайта-қайта жазған, өздері бейнероликке жазылып ауызша да айтқан. Бұл да сепаратистік әрекет, елдің тұтастығын бұзуға үндеу. Ерлі-зайыптының екеуі де сотталып, бес жылдан арқалап кетті.   

Оралда сепаратизм және алауыздық қоздыру баптары бойынша бірі ер, екіншісі әйел екі орыс сотталды. үкім оқылды. Олар Chatroulette видеочатында Қазақстанға қарсы арнайы операция басталса, Ресейді қолдайтынын мәлімдеген. Ері 5 жыл 2 айға, әйелі 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Осындай мысалдар баршылық.

Қазақстанның аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақыру әрекеті үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Бұл ауыр қылмысқа жатады. Интернет бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілген. Сондықтан сепаратистік үгіт материалдарына және бұқаралық үндеулерге қатысты қатаң жаза қолданылады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады