Мереке қарсаңында әрбір тұтынушының қырағы болғаны маңызды - Санжар Жаркешов

25.12.2023, 12:45
592
Мереке қарсаңында әрбір тұтынушының қырағы болғаны маңызды - Санжар Жаркешов Фото: smartnews.kz

«QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы Астана қаласын газдандыру нысандарына және елорданың «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабына журналистердің баспасөз турын ұйымдастырды.

Мұндағы негізгі мақсат – қала тұрғындарына тұрмыста газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы бір еске салу. Сапардың барысында баспасөз турына қатысушылар «Астана» 2-ші газ тарату станциясына, «Оңтүстік-Шығыс» газ реттеу тірегіне, «Оңтүстік-Шығыс» газ-жылу станциясына аялдады.  

 
Баспасөз турына қатысушыларға «Пергам» жылжымалы станциясының жұмысы таныстырылды. «ДЛС-ПЕРГАМ» мобильді лазерлік детекторы кез-келген деңгейдегі құбырдан шыққан метанды қиын түпкірлерден дөп басып сезеді. Баспасөз турының қорытындысында  «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Астананы газдандыру жұмыстарының барысы жайлы әңгімеледі және қауіпсіздік шараларының сақталуы жөніндегі шараларға тоқталды. 

 
«Мереке қарсаңында әрбір тұтынушы мен газ таратушы ұйымдардың қырағы болуы біз үшін өте маңызды. Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, республика бойынша арнайы бейнероликті белсенді түрде таратып жатырмыз және оны барлық телеарналарда, әлеуметтік желілерде көрсетудеміз. Тұрғындар мен мамандарға газ жабдығын пайдалану кезінде, үй жылыту немесе тамақ пісіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау және нұсқауларды орындау маңыздылығын әр жолы еске саламыз» - деді «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

Баспасөз турына қатысқан «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының бас директоры Бауыржан Асқаровтың айтуынша, Астанада газға қосылған жеке үйлердің саны бұл күні 10 040-қа жеткен, бұл 47 мыңдай тұрғын көгілдір отынның қызығын көріп отыр деген сөз. 

Баспасөз өкілдерімен бірге бұл күні газ нысандарын аралауға «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қарағанды» магистральдық газ құбырлары басқармасының директоры Арсен Назаров, «Астана-Энергия» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Олег Гармонщиков, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының 1-орынбасары Ержан Балабеков пен оның әріптесі, өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Нұрболат Мерғалиев қатысты. 
Тұрғын үйлердің табиғи газды пайдалану қауіпсіздігінің ережелері мен техникалық шарттарына сәйкестігіне де назар аударылды. Сондай-ақ, журналистер Астана қаласының 10 мыңыншы абонентімен кездесті.

«Мен осы қалада туып-өстім. Жылдар бойы ата-анамыз көмір пешін жағып келді. Әрине, бұл отбасы мүшелеріне көп салмақ салды. Үнемі бір адам үйге байланып отырады. Міне, бірнеше күннен бері газ қосылды, осындай өзгерістерге жеткенімізге өте қуаныштымыз. Үй өте жылы. Көмірмен әуре болудың қажеті жоқ. Қаланың ауасы да едәуір тазланып қалды» - дейді астаналық Сәуле Арғымбекова.

Астана қаласының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарын және жылу беру өндірісін газдандыру жұмысы 2019 жылы басталды. Сол жылы «Сарыарқа» газ құбырының Қараөзек-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыттары біріктіріліп болған еді. Бүгінге дейін 10 040 абонент газбен қамтылды. Сондай-ақ «Пригородный», «Ильинка», «Family Village», «Өндіріс» және «Кирпичный» тұрғын алаптарына газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді және көше желілерінің құрылысы басталды. Мұндағы жұмыс 2025 жылы толық аяқталуы тиіс.

Бүгінгі таңда екі үлкен газ жылу станциясының құрылысы аяқталды. Олар – «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары. Олардың әрқайсысының жылу қуаты 350 гигакалорий. Осы күнге дейін 17 әлеуметтік нысан газға жалғанды, кешікпей тағы үш нысан қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар 1-ші жылу электр орталығының 10 қазандығы және 2-ші жылу электр орталығының 6 қазандығы газға жалғанды.

Қалада газға қосылуы тиіс 20 мыңнан астам жеке тұрғын үй бар. Осы күнге дейін 12 мыңдай үйге газ желісі тартылды. Бұл шамамен 65 пайызды құрайды. Оның ішінде 10 мың жеке үй газға қосылған. Сарыарқа және Алматы аудандарында орналасқан үйлер газбен жылытуды пайдаланады. Олар «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс», «Күйгенжар» тұрғын алаптары. Енді 8 мың жеке үйді газбен жылыту жұмыстары қалды. Бұл үйлер  Нұра, Есіл және Байқоңыр тұрғын үй алаптарында.

«Тұрмыстық жағдайы төмен қазақстандықтардың отбасылық бюджетіне салмақ түспеуі үшін газ кіргізуге кететін шығындарды әр әкімдік субсидиялап отырады. Негізі газды өндіруге кететін QazaqGaz шығындары жоғары, бірақ біз Қазақстанның бүкіл аумағында газды өз құнынан төмен бағамен сатамыз» - деді Санжар Жаркешов.

Әрине, газды көшеден үйге кіргізіп қосу жұмыстары мен материалы да тұрғындардың қалтасына салмақ түсіреді. Ауданы шамамен 130 шаршы метр үйді газға қосу құны 800-900 мың теңгені құрайды Астана әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын субсидиялау бағдарламаларын ұсынады. Бұған дейін әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға жабдықты орнатуға 470 мың теңге көлемінде өтемақы төленетіні айтылған. 

Сондай-ақ әкімдік бағасы 120 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі газды есепке алу құрылғыларын тегін береді делінген. Екінші деңгейдегі банктер де халықтың әлеуметтік осал топтарына жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, банк газбен жылытуды орнатуға көмек ретінде бір жарым жыл мерзімге 550 мың теңгеге дейін пайызсыз несие береді деп хабарланған. Үйіне газ кіргізген отбасылар айына қанша төлейтіні де шамамен есептелген. Мысалы, аумағы 140 шаршы метр жеке үйді жылытудың орташа құны айына шамамен 20-22 мың теңге шамасында болады деген есеп бар. 2024 жылы газға қосылатын үйлерде 300 мыңдай адам тұрады. 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады