"Журналистердің кесірінен ұлыма кісі өлтірді деген айып тағылды": Бишімбаевтың әкесі ІІМ-ге арыз жазды

25.12.2023, 21:49
1641
"Журналистердің кесірінен ұлыма кісі өлтірді деген айып тағылды": Бишімбаевтың әкесі ІІМ-ге арыз жазды коллаж

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдеріне қарсы ішкі істер министрлігіне арыз жазды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлап отыр.

"ГИПЕРБОРЕЙ" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейконың хабарлауынша, Уәлихан Бишімбаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бірнеше журналистің, блогерлер мен БАҚ өкілдерінің үстінен арыз жазған.

Уәлихан Бишімбаев Борейконың "Қуандық Бишімбаев ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жауапкершіліктен құтылуы мүмкін" деген сөзін "оның ұлын, бүкіл отбасын көпшілік алдында қорлау" деп есептеді.

Учаскелік полиция қызметкеріне жазған түсіндірме хатында журналист айтылғанның бәрі оның жеке пікірі екенін түсіндірді.

"Егер сот Бишімбаевты ақыл-есі кем деп танымаса, мен өз арнамдағы эфирде болжамым дұрыс болмағанын мойындаймын", – деп жазды Борейко.

Оның айтуынша, Уәлихан Бишімбаев өз мәлімдемесінде "блогерлер мен БАҚ өкілдерінің істің тергеу барысына қысым көрсетуінің нәтижесінде оның ұлына кісі өлтірді деген айып тағылғанын" жазған.

Бұл сөздер Бишімбаевтардың кінәсін мойындамайтынын және жауапкершіліктен жалтару үшін барлық шараны қолданатынын көрсетеді. Журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылдар – осы шаралардың бірі, енді олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты