900

Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне тыйым салынады
Тина Канделаки
 

«Қажет болған жағдайда шаралар қабылданады. Тізім деп сіздер қайта-қайта сұрай бересіздер. Нақты бір, екі, үш деген тізім жоқ. Ол — жалпы әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Оны нақты «бүгін кіргіздіңіздер ме, ертең кіргізесіздер ме» деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, бірақ келемін деп шешсе, кіргізбейді», – деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram арнасында «орыс тілінің қолданыс аясы тарылғаны» туралы жазба жариялаған болатын.