"Кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз": бельгиялықтар асырап алған балаға қатысты жаңа дерек шықты
Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан анасын іздеген 21 жастағы Эдди Жан оқиғасына қатысты тағы бір деректі жазды.
Журналист тағы бір тест нәтижесі теріс шыққанын айтты.
"Болжамды 2-анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0 пайыз. Арығарай кеттік. Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз. Біз тоқтамаймыз", - деп жазды ол.

Осыған дейін журналист Қымбат Досжан алаяқтар бельгиялық асырап алған Жәнібектен 5 мың еуро сұрағанын айтқан еді.