«Туған баласының денесін көрмеген». Қымбат Досжан маңызды мәлімдеме жасады
Бельгиялық бала Жәнібектің туған анасын іздеген журналист Қымбат Досжан шұғыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Қайырлы күн, достар. 2001, 2002, 2003 жылдары Арқалық қалалық перзентханасында босанып, бірақ қандай да бір себептермен балалары шетінеген немесе өлі туған баласының денесін көрмеген, өздері жерлемеген және осы босанған әйелдердің өздері немесе туыстары бізге шұғыл хабарласуларыңызды өтінеміз, - деді Қымбат Досжан.
Осыған дейін Жәнібектен алаяқтар анасын табу үшін 5000 еуро сұрағанын жазған болатынбыз.