4425

Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырды

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырғанын мәлімдеді.

Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырды
kymbatdoszhan

Бұл туралы ол өзінің парақшасында айтты.

"Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті", - деп жазды Қымбат Досжан.

Осыған дейін Жәнібектен алаяқтар анасын табу үшін 5000 еуро сұрағанын жазған болатынбыз.