Қайсар мінез бен біліктілік: құқық саласының өзегі

14.02.2024, 16:21
908
Қайсар мінез бен біліктілік: құқық саласының өзегі жеке мұрағат

Құқық саласының мамандары қашан да болсан қоғамда реттеуіш рөл атқарады. Ең көне мамандықтардың бірі болуы жайдан жай емес екені рас. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Құқық саласын меңгеріп жатқан жастарға кеңес бере отырып заңдағы тіл мәселесін талқыға салған заңгер Алмас Жұмағалидің сұхбаты оқырманға ой саларлықтай. Бұл заңгер маманның көпсалалығын айқындайды.
 
- Өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз? Құқық саласына қалай келдіңіз және оның нақты қай бағытында қызмет атқарасыз?
 
- Алмас Жұмағали, заңгермін, заң ғылымдарының кандидатымын, PhD. 1997 ж. университетті, 2001 ж. аспирантура тәмамдадым, содан бері ғылым мен практика жолындамын. 1993 ж. біз мектеп бітірген кезде заман бүлініп жатқан кезі болатын. Мектепте таңдап, ақыры тағдыр құқық маманы болуды нәсіп етті.
Бағытым – ғылым жолында қылмыстық құқық пен криминология, ал практикада, яғни тергеу мен соттағы бағытым қылмыстық істер және қылмыспен байланысты азаматтық істер.
 
- Қазақстанда құқық мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге берер кеңесіңіз қандай?
 
- Ең алдымен, мамандықты жақсы көру керек. Мысалға, өзі сүймеген адаммен бас қосқан бейбақтың өзі ғана бақытсыз болса, сүймейтін мамандығын кәсіп қылып жүрген адам барша қоғамды бақытсыз қылады. Себебі жұмыста құрысып отырып, “арс” ете қалады да, келген клиенттің көңіл күйін құртады, үйіне барып бала-шағасының, жаңағы клиент те үйіне барып жақындарының өмірін лайлайды. Осылай жалғасып кете береді.
Екіншіден, білім деген қазір мүлдем басқа, сол себептен де практикаға бағыттап, алған білімді қалай қолданам деген машықты қалыптастыру керек. Әйтпесе, басына қажетсіз ақпарат жинай берген адам кітап артқан есектен айырмасы шамады. 
 
- Сіздің тәжірибеңізде кездескен күрделі сот ісі жайлы айтып бере аласыз ба?
 
- Күрделі немесе күрделі емес деген ол адамның субъективтік қабылдауына байланысты ғой. Біреуге күрделі болған нәрсе екінші біреу үшін түкке де тұрмайды.  Сондықтан заң бойынша күрделі нәрсе жоқ, шешілмес проблема жоқ, бірақ кейде бізде мамандардың жігерсіздігенен дағдарып қалатын кездер болады. Менің өз тәжірибемде соңғы қаңтар оқиғасынан кейін болған “Алтын орда” ісімен бір жәбірленушінің өкілі болдым. Сол кезде Болат Назарбаевтың қолшоқпары Серік Апсаппаров сотталды. Процестік келісім жасайтын кезде Б.Назарбаевтың фамилиясы болмады (ол уақытта тірі еді). “Олай болса, біз келісім жасаудан бас тартамыз”,-  деп жәбірленушілер тарапынан мен қырсығып отырып алдым. Ең қызығы тағы екі жәбірленушінің адвокаттары үнсіз қалғаны. Бірақ осы табанды қарсылықтың арқасында екінші мәрте процестік келісім берген жерде оның аты-жөні аталды, яғни сотталушы кімнің пайдасына жұмыс істегені көрініс тапты. Оны кейін әлемеуметтік желіде тәптіштеп жазармын. Ал қызық істер деген үнемі ұшырасып тұрады. Бір жылы біз Түркие азаматын қорғадық. Қазақстанның азаматы ақша бердім, сол ақшамды кері қайтарсын деп сотқа жүгінді. Қалай бердің десек, мамыр айның 15 күні, қолма-қол бердім дейді, қолында мөр басылған, қол қойылған құжаты бар. Клиенттен сұрасақ, «менің қолым сияқты» дейді. Содан серіктес заңгерлермен ақылдасып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сұрау жіберейік деп шешіп көрдік. Сөйтсек, ол уақытта, яғни мамыр айында Түркие азаматы мүлдем Қазақстанда болмаған болып шықты. Осы сияқты, ол уақыттарда толғандырған, өтіп кеткен соң қызық болып қалатын сәттер болып тұрады.
 
- Заңның қазақ тілінде қалай жазылатынына көңіліңіз толады ма?
 
- Қазақ тіліндегі мәселе туралы 1998 ж. бастап жазып келемін. Табандап өте баяу жүріп жатыр. Қарапайым ғана бір мысал айтайын. “Қылмыстық кодекс”, “қылмыстық заң” деген ұғымдарды алайықшы. Алашорда заңгерлері “қылмыстық заң” демеген, “қылмыс заңы” деген. Неге? Өйткені біз “қылмыстық әкетті” “преступное действие” дейміз, “қылмыстық ниетті” преступный умысел” дейміз, ал “қылмыстық заңды” неге “преступный закон” демейміз? Олай  айтқанда “уголовный закон” деп ойлап тұрамыз.
 
“Уголовный” сөзінің түбірі “голава”, яғни “уголовить” басын алу, жазалау. Тағы бір кодекс бар, оның атауы “Қылмыстық атқару кодексі” деп аталады, талай айтып жүрмін, мұның атауы “Жаза атқару кодексі” болу керек, қазіргісін кері қарай орсыша аударсаң “Преступно-исполнительный кодекс” болып шығады. Осы сияқты індетіп кете берсек, көп қате өзінен өзі шығады.
 
- Қазіргі өзгерістерге толы заманда құқық саласына, заңдарға жаңартулар енгізу керек деген оймен келісесіз бе?
 
- Құқық дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал болғандықтан, қоғамдық қатынастар дамыған сайын оған бейімделіп өзгеріп отыруы керек. Қатынастар қай бағытта дамиды, соған сәйкес заң одан қалмай иықтасып өзгеріп отыруы қажет.
 
- Өзіңіздің құқықтық стратегияларыңызды Қазақстандағы қоғамдық ерекшеліктерге сәйкес қалай бейімдейсіз?
 
- Іс бойынша таңдалатын стратегия туралы болса, ол кейстің сипаты мен іс материалдарына байланысты. Тұтқиылдан шабуылдамыз ба, басқа жағынан тиісеміз бе, әлде әлсіз боп көрініп, тек сот жарыссөзінде жарқырай көрінеміз бе?! Кейде қарама-қарсы жақ сенің тактикаңды әлсіздік деп қабылдап, саған керекті артық қылам деп тыртық қылып, саған керекті дәлелдемелерді өзі жинап береді. Сол кезде сот жарыссөзінде айкидо жекпежегінің тәсілімен өзінің жинап әкелген құжаттарымен өзін ұрып түсіресің.
«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады