Головкин балалардың психологиясын бұзғаннан басқа ештеңе әкелмейді - Ахметбек Нұрсила

28.02.2024, 14:20
811
Головкин балалардың психологиясын бұзғаннан басқа ештеңе әкелмейді - Ахметбек Нұрсила NURSILA ютуб каналынан

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болғанын байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, деп Абайдың сөзімен бастаған кәсіпкердің айтынша, үлкен спорт бүгінде бизнеске айналған.

Кеше балабақшадағы сәбилер бірін - бірі аяусыз соғып, тепкілеп жатқан видеосын салғанда көптеген оқырмандар "Ата-анасы не тәрбиеші кінәлі" дегенді айтып жатты! Оған қоғам, мына сіз бен біз кінәліміз. Бокс, ережесіз жекпе-жек жауыздыққа тәрбиелейді! Оны ұлықтап, насихаттау ұлтыңа жасалған ҚАСТАНДЫҚ! Спорттың төресі жеңіл атлетика. Спортпен 100% барлық қазақстандық айналысуы керек. Ол үшін қарапайым кроссовка жетеді. Спорт алаңқайларын салу керек. Үлкен спорт - Бизнес!

Ахметбек Нұрсиланың сөзінше, Геннадий балалардың психологиясын бұзады.

Генаның жеке басына ешбір өштігім де, қызғанышым да жоқ. Бірақ ол қазақ еліндегі балалардың психологиясын бұзғаннан басқа ештеме әкелмейді. "Қазақты әлемге танытты, көк туды желбіретті" дерсіздер. Одан сізге, елге, келер ұрпаққа не пайда?

Сөз соңында кәсіпкер Ұлы Абайдың сөзін тілге тиек етті.

Абай дананың осы жайлы жазып кеткенін тағы бір рет оқып, ақыл елегінен өткізіп көрейікші! Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе,күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен? Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ҰОК жаңа басшысы болып Геннадий Головкин сайланған еді.  

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады