Елімізде коллекторларға проблемалық несиелерді сатуға мораторий енгізіледі

Аиса Махамбет Редактор
10.03.2024, 18:55
856
Елімізде коллекторларға проблемалық несиелерді сатуға мораторий енгізіледі ашық дереккөзден

Шектеу екі жыл бойы күшінде болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарының өндіріп алушыларға проблемалық несиелерді сатуына екі жылдық мораторий енгізу жоспарлануда. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қабылдады.

Шектеу екі жыл бойы күшінде болады.

«Екі жылға, яғни 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін мораторий енгізіледі. Мораторий уақытында - коллекторларға проблемалық тұтынушылық несиелерді сатуға толық тыйым салынады. Сондай-ақ жаңа талап енгізілуде, егер қарызды төлемеу уақыты 90 мерзімі өткен болса, онда мұндай несие бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) 24 ай бойына коллекторлық агенттіктерге несиелер бойынша мәліметтерді беруге немесе сатуға құқылы емес», - деді Мәжіліс отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутат Үнзила Шапақ халықтың қарыз жүктемесінің деңгейі туралы мәліметтерді ұсынған болатын. Мәселен, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдары алдында 19 триллион теңге қарызы бар.

Оның ішінде 8,2 миллион азаматтың 10 триллион теңге көлеміндегі кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешегі бар. 1,6 миллион азаматтың 1,7 триллион теңге проблемалық несиесенің мерзімі 90 күннен асып кеткен.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды