Франция президенті Мұхтар Тайжанның ұлы мен қалыңдығын құттықтады

12.03.2024, 10:10
912
Франция президенті Мұхтар Тайжанның ұлы мен қалыңдығын құттықтады Бейнежазбадан

Қазақстандық қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның ұлы Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, соңынан жастарды Франция Президенті Эмманюэль Макрон арнайы құттықтады.

Бұл туралы Санжар Тайжан әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Франция басшысымен сұхбаттасқан сәтін жариялады. 

Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті Э.Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады, - деп жазды Санжар Тайжан. 

Екі жасты құттықтаған Франция президенті олардың елін сұрайды. Қазақстан, Президент Тоқаев деп жауап берген Санжарға қазақ елін білетінін, Қазақстанда болғанын айтады. Сонымен қатар, Тоқаевтың сыйлаған тазы күшіктерін есіне алады. 

Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.  Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді. Кейін Президент қазақы тазының екі күшігін Францияға арнайы жөнелтті. Макрон тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген есім берген еді. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді