ҚазҰУ-да тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана ашылды

31.03.2024, 10:50
853
ҚазҰУ-да тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана ашылды gov.kz

Жаңа ғылыми орталық құрамына Тұрақты даму мақсаттарын іске асыратын 10 инновациялық зертхана кіреді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы ашылды.

Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

Ғылыми орталық климат және модельдеу, цифрлық картография және қолданбалы геодезия, GlobalSky (атмосфералық зерттеулердің инновациялық зертханасы), тұрақты туризм, су ресурстарының сапасын талдау бағытында жұмыс істейді. Сонымен қатар ландшафттардың деградациясын геоақпараттық талдау, геодемографиялық және әлеуметтік-экономикалық зерттеулер, экологиялық қауіпсіздік, топырақ экологиясы, қоршаған ортаны бақылау шараларын іске асырады.

Орталықтың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның жаһандық өзгеруі жағдайында табиғат пен қоғамның өзара іс-қимыл заңдылықтарын анықтау, Қазақстан өңірлерін тұрақты дамыту мақсатында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша жасыл технологияларды әзірлеу және енгізу.

Негізгі зерттеулердің ішінде: геожүйелердің, топырақтың, рельефтің және ландшафттардың табиғи және антропогендік динамикасы, табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерін әзірлеу, тұрақты дамудың аймақтық ерекшеліктері, геоақпараттық технологиялар және картаға түсіру сияқты бағыттар бар.

Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, РФ Ғылым және жоғары білім вице-министрі Константин Ильич, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев қатысып, жаңа орталықтың университеттік ғылымды дамытуға қосатын қомақты үлесін атап өтті.

 Сондай-ақ БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі  Властимил Самек, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі  Якуп Бериш, консорциумның Мегагрант бойынша серіктестері, ғылым докторлары, профессорлар мен оқытушылар және жас ғалымдар қатысты.

Жаңа орталықты география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Әлия Ақтымбаева арнайы таныстырды.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр