Адам денсаулығы 80%-ға өмір салтына байланысты - NU профессордың зерттеуі

01.08.2023, 11:38
782
Адам денсаулығы 80%-ға өмір салтына байланысты - NU профессордың зерттеуі nu.edu.kz

Назарбаев Университетінің профессоры, шетел университеттердегі әріптестерімен бірлесіп, бұрын жарық көрген бес кітапты біріктіріп, молекулалық медицина туралы оқу құралын шығарды.

Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Фердинанд Молнар Польша ғылым академиясының профессоры Карстен Карлбергпен және Дюссельдорф университетінің докторы Юнике Веллермен бірлесіп «Молекулалық медицина: ғылым қалай жұмыс істейді» оқулығын жазды. Онда олар гендерді реттеу, эпигенетика, молекулалық иммунология, қатерлі ісік биологиясы және нутригеномика тақырыптарын зерттейді.

Springer Nature журналында жарияланған 42 тараудан тұратын жинақталған оқулық денсаулық пен аурудың молекулалық және жасушалық аспектілерін тереңдететін молекулалық медицинаға кең шолу болып табылады. Басылым гендік реттеуді, соның ішінде өмір салты мен қоршаған орта әсерінен болатын эпигенетикалық өзгерістерді, сондай-ақ организмінің қорғаныс механизмдерінен иммундық бұзылуларға дейінгі молекулалық иммунология принциптерін зерттейді. Осы тұрғыда, кітап қатерлі ісік, қант диабеті, жүрек ауруы және иммундық бұзылулар сияқты кең таралған аурулардың молекулалық негіздерін зерттейді. Ол сонымен қатар тамақтанудың эпигенетика мен ауруға әсерін түсіндіреді.

Авторлар эпигенетиканың жиі кездесетін аурулардың пайда болуында маңызды рөл атқаратынын атап көрсетеді. Сонымен қатар, кез келген ауруларға генетикалық бейімділік олардың себептерін 20% -дан азын түсіндіреді, ал қалған 80% -ы ең алдымен адамның өмір салты әсер етуі мүмкін эпигеноммен байланысты. Осылайша, денсаулықты сақтау жеке адамның жоғары жауапкершілігін талап етеді. Бұл білім биологтар мен биохимиктер үшін ғана емес, сонымен қатар биомедициналық пәндерді оқитын студенттер үшін де маңызды.

Профессор Фердинанд Молнар 2018 жылы NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің биология кафедрасына жұмысқа орналасты. Бұған дейін ол 2008 жылдан бастап Шығыс Финляндия университетінің (Куопио, Финляндия) Фармация мектебінде жұмыс істеді, онда ядролық рецепторлардың лигандтармен, ақуыздармен және ДНҚ-мен өзара әрекеттесуін зерттеді.

Профессор Молнардың қызығушылығы интегративті құрылымдық биология және биоинформатика, денсаулық пен аурудағы эукариоттық транскрипцияны реттеу және рекомбинантты ақуыздарды өндіруді қамтиды.

Springer Nature жазылымының иелері кітапты тегін жүктей алады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды