«Адамдарды бөлшектеп тастаған»: Шахтаға кірген құтқарушылар жантүршігерлік ақпаратпен бөлісті

01.11.2023, 22:15
1486
«Адамдарды бөлшектеп тастаған»: Шахтаға кірген құтқарушылар жантүршігерлік ақпаратпен бөлісті azh.kz

Олар таңғы сағат 04:00-де Костенко шахтасына келгенімен, апаттың алдын ала алмаған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты msu.city парақшасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар ұзақ уақыт бойы су іздеген, алайда шахтада қарапайым өрт сөндіру құралдары да болмаған.

Куәгерлердің айтуынша, құтқару жұмыстарын үйлестіру Қарағанды облысының әкімі мен Төтенше жағдай министріне, сондай-ақ құтқару қызметі басшысының құзырында еді.

Құтқарушылардың айтуынша, басшылық оларға адам ретінде қарамай, еш қиындықсыз алмастыра салатынын айтқан. Олар шахтадағы апатты жою кезінде моральдық қысым көрген. Психолог барынша қолдау көрсеткенімен, шахтадағы жағдайды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Мардымсыз жалақыға қауіпті жұмыстар атқарған тау-кен құтқарушыларына сыйақы туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Сонымен қоймай 70-ші, 80-ші жылдардағы тозығы жеткен киім-кешекпен жүреді, ал 2008 жылы сатып алынған респираторлардың өзі қызметін 2018 жылы аяқтаған. 

Тіпті қауіпсіз еңбек жағдайлары да қарастырылмаған.

Шахталарда 10 өрт сөндіргіштің 2-уі ғана жұмыс істеді, ал басшылық актілерде ескертулерді жасырып, тек ресми ескертулерді ғана жазған. Өйткені осыған дейін тау-кен құтқарушыларының мемлекеттік қызметі жеке қолға тапсырылғандықтан, басшы барлық ескертулерді ашық айтса, онда шахта олармен келісімшартты бұзуы мүмкін еді. 

Осылайша кей адамдардың ашкөздігі осы оқиғаға әкелді.

Тау-кен құтқарушылары Костенко шахтасында қаза тапқандарды естігенде, “олар бұл жолға отбасын асырау үшін ғана барды ғой”, - деп көздеріне жас алды.

Құтқарушылар жарылыстың қаншалықты қуатты болғанынын айтып өтті.

“Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, адамдарды бөлшектеп тастағаны былай тұрсын, шойыннан жасалған бағаналардың өзін майыстырып тастаған. Жер астында ештеңені анық көру мүмкін емес, барлығы астаң-кестең болып жатыр. Біз алдымен адамдардың денесін, дене бөлшектерін шығардық. Кейбіреулерін, тіпті, тану мүмкін емес. ДНК сараптамасын жүргізу керек”, – дейді құтқарушы.

Тау-кен құтқарушыларын қорқытқанымен қоймай, келіспейтіндер жұмыстан шығарылған. Енді бұған үндемеу мүмкін емес.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады