«Ақшаларыңды эскорт қыздарға да шашып жатсыңдар ғой»: журналист Нариман Құрбанов туралы

Аиса Махамбет Редактор
16.08.2024, 17:13
1201
«Ақшаларыңды эскорт қыздарға да шашып жатсыңдар ғой»: журналист Нариман Құрбанов туралы жеке парақшасынан

Көк туды желбіреткен Нариманның елеусіз қалғанына қапаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бибігүл Дәулетбекқызы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа үй мен көлік беруді талап етті.

Бибігүл Дәулетбекқызы отандық кәсіпкерлерден Нариман Құрбановқа үй мен көлік әперуін сұрады.

«Алып берсеңдерші мына жігітке де! Ақшаларыңды айдаладағы #эскорт қыздарға да миллиондап шашып жатсыңдар ғой.

Қазақтың түбіне жететін: теріс ағым, рушылдық, жершілдік, жемқорлық! Қалталылардың да жүрегінде патриоттық сезім мүлдем жоқ. Бұл Нариман да біздің Қазақ елінің туын аспанда желбіретіп, күміс алды емес пе? Неге енді бөліп-жарасыңдар?! Бар жазығы — ұлтының қазақ болмауында ма?!

Білем, мемлекеттен берілетін қомақты қаражатты. Әйтсе де, бөліп-жармаңдаршы ешкімді. Мәселен, бір топ кішкентай балаларға балмұздақ береді де, сенің балаңа бермесе қандай күйге түсесің?! Үлкендер сендер солай жасайсыңдар, әрине жас буын теріс ағымның жетегіне оп-оңай кетіп қалады.

Сондай-ақ ол Павел Дуровтың Қазақстандағы ауыл балаларына білім гранты үшін $360 000 қаржы бөлгенін еске сала кетті.

Миллионерлерді белгілеңіздерші осы постың астына. Кеше ресейлік миллионер Дуров $360 000 бөлді деп жатқан еді ауыл балаларына. Көрдіңіздер ме, кейбіреулер ұлтқа бөлініп жатқанында, сол басқа ұлт біздің балаларымыздың жыртығын жамауда.

Өзбек ағайындылар барлығын бөліп-жармай теңдей берді. Біздікілер бірімен-бірі рушылдыққа салынып дарақылануда. Осыдан кейін Сендер ақыл айтпай-ақ қойыңдаршы, көкебастар!», — деп жазды ол.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген