Басты мақсат - бәсекеге қабілеттілік

05.12.2023, 16:33
655
Басты мақсат - бәсекеге қабілеттілік ҚБТУ

Қазіргі цифрлық технологиялардың дәуірінде жастардың алдында бәсекеге қабілетті болу шарты тұр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ал оған жетудің формуласы айқын – сапалы білім алу, озық технологияларды игеру, тәжірибе алмасу.
 
Еліміздің техникалық бағыттағы жетекші оқу орындары осы үш бағытты студенттерге ұсынуда бірқатар жобаларды қолға алған.

Соның дәлелі жақында өткен  инновациялық идеялар фестивалі «IT FЕST-2023». Іс-шарада студенттер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының басшылары технологиядағы соңғы жетістіктер мен білім берудегі заманауи тәсілдерді зерттеу мақсатында ортақ платформада бас қосқан болатын.

Ал ақпараттық технологиялардың, киберқауіпсіздіктің, дизайн мен робототехниканың алдағы дамуын талқыға салып, дарынды жастардың тәжірибе мен білім алмасуына осындай бас қосулар қашандабірегей мүмкіндік берері сөзсіз.

Жалпы осындай ауқымы кең жиындарда алғашқы қадамын жасаған жастар, кейін әлемдегі жетекші компанияларда бақ сынап жататына көпшілік куә. Мысалы, ҚБТУ түлектері әлемге аты мәлім Google, Microsoft, Booking.com компанияларында және Силикон алқабында жұмыс жасауда, бұл жастардың алған білімі жоғары деңгейде екендігінің көрсеткіші екені сөзсіз.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КӨШБАСШЫ

Техникалық жоғары оқу орындары арасында Қазақстан-Британ университеті ABET – Accreditation Вoard for Engineering and Technology (техникалық және инженерлік білім беру саласындағы халықаралық сапа белгісі) аккредитациясын иеленген Орталық Азиядағы жалғыз көшбасшы білім ордасы.

ҚБТУ 2001 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылып, сол кезде премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен бұрынғы ҚазКСР Үкімет үйі ғимараты университетке берілген болатын.

 
* Тарихи ғимараттың университетке берілуінің өзіндік мәдени маңыздылығы бар. Кембридж сияқты беделді шетелдік университеттердің профессорлары атап өткендей, білім беру мекемесінің тарихи ғимаратта орналасуы жастардың бойында ерекше рухты қалыптастырады. Әлбетте, тұтас бір дәуірдің тарихы тұнған ғимаратта білім мен тәлім алған жастар тарихқа қанығып, болашаққа деген жауапкершілікті ерекше сезінері сөзсіз.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

2001 жылы алғаш ашылған факультет – Мұнай-газ индустриясы факультеті болды. Бұл сол кезде ТШО, Қарашығанақ, NCOC, КҚК компанияларына қажет мамандарға сұраныстың артуына орай ашылған болатын. Содан бергі 22 жылда университетті  10 бағытта білім алған 6500-ден астам білікті маман тамамдап шыққан.

Бүгінде ҚБТУ-да отандық индустрияға бағдарланған ондаған мектеп ашылған (білім ордасында факультеттер британдық әдіспен осылайша атала бастады).

Осындай мектептердің ішіндегі бастысы: мұнай-газ индустриясындағы энергетика мектебі, геология мектебі, химиялық инженерия мектебі, қолданбалы математика мектебі, бизнес мектебі, жасыл технологиялар мектебі және ABET аккредитациясын иеленген ІТ мектебі.

Сондай-ақ барлық білім беру бағдарламалары халықаралық ұйымдарда, соның ішінде американдық SBSP-де тіркеуден өткен, ал бұл білім беру бағдарламаларының халықаралық талаптарға сәйкес екендігінің   көрсеткіші.

ҚАЗАҚСТАНДА ОҚЫП, ЛОНДОН ДИПЛОМЫН АЛУ МҮМКІНДІГІ

Университеттің бірегей білім беру бағдарламасы – ол Халықаралық экономика мектебі. ҚБТУ – Лондон экономика мектебінің білім беру орталығы ретінде танылған посткеңестік елдердің ішіндегі жалғыз жоғары оқу орны. Бұл дарынды студенттерге тікелей Қазақстанда халықаралық деңгейде білім алып, оқуды тамамдағанда Лондон университетінің дипломын қоса алуына мүмкіндік береді.

ӨНДІРІСПЕН САБАҚТАСТЫҚ

ҚБТУ білікті мамандарды дайындау және қайта даярлауда заманауи зертханалар құрып, өнеркәсіптік компаниялармен ынтымақтастық орната білген. Осылайша студенттер Schlumberger сынды мұнай-газ саласындағы жетекші компаниялармен серіктес орнатып, модельдеу, кәсіпорындарды басқару, сандық егіздер мен SMART Field жүйелерін құрудың қыр-сырын меңгереді.

Білім беру сапасы – тек оқу әдістемесімен шектелмейді, оқытушылар құрамы бұл процестегі ең маңыздысы. Университетте 300 оқытушы білім берсе, онымен қоса университет құрылымындағы екі ғылыми-зерттеу институтының (150 ғалым) қызметкерлері де оқытушылық үдеріске тартылған.

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫН ЖАҢҒЫРТУ

Білім ордасының ғимаратын қалпына келтіру кезінде Университетте жеке ғылыми-зерттеу зертханалардың болуы қаншалықты маңызды екендігі айқын байқала түсті. Білім ордасы орналасқан бұрынғы Үкімет үйінде 1957 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. 2001 жылы ғимараттың сол кездегі жағдайы шұғыл жөндеуді қажет етті. Ғимаратқа жөндеу жұмыстарын аса мұқияттылықпен жүргізу  - бұл Университеттің алдында тұрған басты міндет,  алайда Қазақстанда  сол кезде талапқа сай мердігер табыла қоймаған. Бұл жағдай ҚБТУ-дың химия зертханасының ғалымдарын  бетонға қарағанда мықты әрі арзан бірегей полимер өнімін әзірлеп шығуға септігін тигізген.  Кейіннен ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары кезінде бұл материалды баспалдақтарды, қабырғаларды, еденді жөндеуге қолданылған. 2018 жылдан бергі ғимаратты қалпына келтіру жұмыстарына  ҚБТУ 2 млрд теңгеден астам инвестиция салған.

Қалпына келтіру жұмыстары кезінде университет коммуникацияларды, қаптамаларды және инженерлік жүйелерді жаңартып, ғимараттың айналасындағы кеңестік кезде салынған субұрқақтар жүйесін қалпына келтіріп қана қоймай, ғимараттағы бастапқы паркет пен панельдердің сақталуына аса мән берген.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Ғимаратты қалпына келтіру – бұл университет салған инвестицияның тек аз бөлігі ғана. Аудиторияларды, зертханалар мен кітапханаларды, оқу бөлмелерін жаңартуға қомақты қаражат жұмсалуда. Ал ең бастысы, студенттерді жатаханамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табуда.
 
ҚБТУ-ға оқуға түсуге шетелдік және басқа қалалардан келетін талапкерлер саны артуда, бұл өз кезегінде Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарындағыдай жатахана мәселесін туындатпай қоймасы анық. Мәселенің шешімі – студенттерге жатахана салу.  Реті келгенде айта кетер жайт, университет барлық дивидендтері тек жоғары оқу орнын дамытуға бағытталуда, оған қоса жатақхана құрылысына ЖОО акционерлері қосымша 7 млрд теңге қаражат бөлген. Ал 980 орындық жатахана алдағы 2024 жылдың қаңтарында қолданысқа берілмек. Осылайша ҚБТУ студенттерді 100% баспанамен қамтамасыз ететін Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны атанбақ.

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

Жеке және мемлекеттік білім беру модельдерінің артықшылықтары туралы пікірталастарда сарапшылар екі модельдің де ұтымды жақтары бар деген қорытындыға келеді. Бұл жерде университеттің меншік нысанына емес, білім сапасына назар аударуы аса маңызды. Ал жоғары оқу орындарының тиімділігін бағалаудың ең үздік көрсеткіші - түлектердің жұмысқа орналасуы.

ҚБТУ түлектері еңбек нарығында қашанда сұранысқа ие. Білім ордасын тамамдаған түлектердің барлығы дерлік жұмысқа орналасуда. Білім ордасының түлектеріне жұмыс берушілер де ұсыныс беруге әзір. Ғылым және жоғары білім министрлігінің статистикасы бойынша, ҚБТУ ең жоғары орташа балл көрсеткен студенттерді қабылдайды. Университеттің бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкеге 80-нен астам компания өз ұсыныстарын беруге ынта танытып жатады, ал түлектердің көпшілігі осы кездесулерде бірден жұмысқа ұсыныс алып жатады.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды