«Кезби мұнайшыларының ереуілі Кезбаевты ұстап берді»: 1,5 млрд салықтан «қашқан», 321 млн «жеп қойған» басшы ұсталды

03.11.2024, 12:28
1487
«Кезби мұнайшыларының ереуілі Кезбаевты ұстап берді»: 1,5 млрд салықтан «қашқан», 321 млн «жеп қойған» басшы ұсталды коллаж smartnews.kz

«Кезби» мұнай сервисінің басшысы тергеліп жатыр. Ал бір апта бұрын дәл осы мекеменің мұнайшылары ереуілге шыққанын жазған едік.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Кезби» мұнай сервисінің атқарушы директоры Ержан Кезбаев ұсталды.

 

ҚЫЛМЫС: АСА ІРІ МӨЛШЕРДЕГІ АЛАЯҚТЫҚ

Қаржылық мониторинг агенттігі атқарушы директорды ақша жымқырып, салық төлемеу фактілері бойынша тергемек. Аталған оқиға туралы агенттіктің баспасөз қызметі жеткізді.

«Агенттік «Кезби» ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалады», — делінген хабарламада. 

«Өзенмұнайгаз» компаниясы жұмысшылардың жалақы үшін «Кезби» мұнай сервисіне 321 млн теңге ақша бөлген. Кезбаев сол ақшаны «жеп қойды» деген күдікке ілініп отыр. Бұдан бөлек мемлекетке 1,5 млрд теңгеге жуық салық қаржысын төленбеген боп шықты.

 

«КЕЗБИДЕГІ» АҚШАНЫ КЕЗБАЕВ ҚАЛАЙ «ЖОҒАЛТҚАН»?

2021 жылы «Кезби» бұрғылау сервисі «Өзенмұнайгаз»-дан «бригадаға сағатына 65 мың теңге төлеу үшін қаржы бөлу» туралы мердігерлік шарт жасасқан.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылар өсіп жатыр деген желеумен, артынша жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында деген сылтаумен «бригадаға сағатына 87 мың теңге төлеу үшін» деп «Кезбиге» бөлінетін қаржының көлемін ұдайы еселеп отырған. 

Алайда компания басшысы Ержан Кезбаев жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын толық қамтамасыз етудің орнына, қаражаттың едәуір бөлігін, дәлірек айтқанда, 321 млн теңгені өз қалтасына басқан боп шықты.

Аталған фактілерді келтіре отырып, Қаржылық мониторинг агенттігі Ержан Кезбаевтың ісін сарапқа салатынын жеткізді.

«3 қарашада күдікті Ержан Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», - делінген ҚМА хабарламасында.

 

КЕЗБАЕВТЫ ҰСТАП БЕРГЕН МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ЕРЕУІЛІ МЕ?

Бір апта бұрын, 29 қазан күні Жаңаөзендегі «Кезби» мұнай сервисінің жұмысшылары ереуілге шыққаны айтылған еді. Олар бір тәулік бойы жұмысқа шықпай, кәсіпорынның жұмысын тоқтатып тастаған еді. Ереуіл кезінде компания басшысы Ержан Кезбаев БАҚ өкілдеріне жұмысшылармен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ ақша жымқырды деп ұсталып отырған Кезбаев «ереуілге шыққандар 800 мың теңге айлық алады» деген.

«Уақытылы жалақыны да, әрі төлемдері де беріледі. Кезбиде 1200 адам жұмыс істейді, тек жүзге жуық адам ереуілге шығып отыр», – деді Кезбаев.

Айта кетейік, кәсіпорын қызметкерлері сонау 2021 жылдан бері компанияға өз талабын ашық айтып келеді. Биылдың өзінде «Кезбиліктер» қаңтар айынан бері бірнеше рет ереуілге шыққан.

Әуелден бергі «Кезбиліктердің» қойып келе жатқан талабы өзгерген жоқ. Олар – жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, материалдық-техникалық базаны жаңарту, кейбір лауазымды тұлғаларды қызметтен босату және жұмысшыларға берілетін ас-тамақты дұрыстау туралы шағымданып отырды. Алайда компания жұмысшыларды құрғақ уәдеге тойдырып, барынша тыныштандырып отырды.

 

«КЕЗБИДІ» ҚҰРҒАН БІТІМ КЕЗБАЕВ КІМ?

«Кезби» – тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда мұнай саласында ашылған ең алғашқы жеке фирмалардың бірі болды. Ал компанияның алғашқы директоры, әрі қазіргі құрылтайшысы – Бітім Кезбаев. Ол кәсіби кенші болған жергілікті тұрсын. Алғашқы еңбек жолын «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінде бұрғылаушы болып бастаған. Бітім Кезбаев 2012 жылы Forbes бойынша «Үздік кәсіпкерлер» тізіміне енген. Сервисті алғаш боп құрушы Бітім Кезбаев күдікті ретінде ұсталып отырған Ержан Кезбаевтың туған әкесі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды