Не студент бол, не Отан алдындағы борышыңды өте

02.04.2024, 15:09
791
Не студент бол, не Отан алдындағы борышыңды өте depositphotos сайты (Bumble-Dee авторы)

Оқиға Maqsut Narikbaev университетінде орын алған. Ол жерде аталмыш студенттерді тұрғылықты жері бойынша военкоматқа шақырған.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр. 

Шартты түрде оқып жатқан бірнеше студенттерге әскерден шақырту қағаздары келді.

Мұндай жағдай студенттердің «ресми студенттер» қатарында болмағандары үшін орын алды. Келісім шарт бойынша олар жоғары оқу орнына шартты түрде түседі. Алайда оқу жылы барысында қайтадан ҰБТ-ны тапсырулары керек.Тапсырып болған соң, азаматтар бірден ресми түрде студенттер базасына тіркеледі.

Осындай жайт 1 курс студенті Марғұлан Сұлтанғалимен орын алды. Оның сөзінше, «Ботқара» кенті әкімдігінің Азамат есімді қызметкері Марғұланның атына шақырту қағазының келіп түскені жайлы Whatsapp желісі арқылы хабарлаған. Хабарламада 5 наурыз күні «Ботқара» кентінің военкоматына келуін талап еткен.

«Менің ойымша, ертерек айтылған жағдайда ер баласы қамданып үлгеретін еді. Естігенім бойынша, әскерге қабылдау мерзімін кейінге қалдырып үлгермеген жағдайда айыппұл салынады. Бұл әрине дұрыс, бірақ баланың студент екені және справкасы бар болғаны бүкіл аргументке қарсы тұра алады деген ойдамын. Ал басқа қаладан қазіргі оқу орнына тіркеу секілді жұмыстар, кейін де шешіле береді», - деді Марғұлан Сұлтанғали.

Дәл осындай оқиға 2 курс студенті Қуаныш Сапарғалимен де қайталанды. Оның сөзінше, әскерден шақырту қағазы күтпеген жерден келген. Шақырту алған соң бірден университетте оқып жүргенін растайтын анықтаманы алып, оны военкоматқа жіберді. 

«Шынымды айтсам, повестка келгенде, менде уайым мен үміт сезімдері аралас болды. Олар маған әскери борышымды өтеуді кейінге қалдыруды құптайды ма деп қатты уайымдадым. Бірақ бәрі жақсы болатынына сенімді болдым. Құжаттарды жіберген соң, отсрочка келгенше толқуым одан сайын арта түсті. Мен өзімнің болашағыма, жоспарларым мен амбицияларыма алаңдап, кейінге қалдыру туралы хабарлама келгенше, тыныштала алмадым», - деді Қуаныш Сапарғали.

Университеттің қабылдау комиссия мүшелеренің сөзінше, бұл бағдарлама оқушыларға 1 жыл уақытты бос өткізіп алмау үшін ойлап табылды. Олардың сөзінше шақырту қағаздарының келіп түсуі заңды.

«Жоғары оқу орнына шартты түрде түскен оқушылар университет базасында студент ретінде көрінеді. Алайда Республикалық базада студенттер тізімінен көрінбейді. Сондықтан да азаматтарға әскерден шақырту қағаздары келуі мүмкін. Оны шешу үшін арнайы анықтама қағаздарын алу керек», - деді қабылдау комиссиясының мүшесі Эвелина Бурбах.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі оқу орындарының ақпараттық жүйелері тиісті өңірдегі әскери комиссариаттың ақпараттық жүйесімен интеграцияланғаның алға тартты. Сондықтан да  әскери комиссариаттардың аталған жүйелерінің жоғары оқу орындарының жүйелерімен дұрыс интеграциялану мәселесін қарау қажет екенің мәлімдеді.

«Қазіргі таңда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық дербестік берілген. Аталған дербестік шеңберінде жоғары оқу орындары оқу орнынан қабылдау, сонымен қатар білім алушыларға әскерге шақырылуы бойынша академиялық демалыстар беру ережелерін дербес анықтайды. Шартты түрде қабылданған студенттердің барлығы тиісті жоғары оқу орнының бұйрығымен білім алушылар қатарына енгізіліп, «Жоғары білімнің бірыңғай порталы» ақпараттық жүйесіне «студент» ретінде енгізіледі», - деді Жоғары және Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Егер де сіздер шартты түрде оқып жүрген студент болсаңыз, ҰБТ-ны тездетіп тапсыруға кеңес береміз. Ал егер атыңызға әскери шақырту қағазы түссе, оқып жатқан университеттен «Оқу орнынан» анықтама қағазын алып, оны военкоматқа тапсырып көріңіз. Сондай-ақ оқу орнының әкімшілігіне мәселе туралы хабарлаған жөн.

Авторы: Ислам Бақтыбайұлы

Фото: жеке мұрағат және ИНЕУ сайты

 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты