Некесін қиған күні өлтірілген 22 жастағы марқұм Диасқа қатысты облыс әкімі пікір білдірді (ВИДЕО)

16.11.2024, 11:55
813
Некесін қиған күні өлтірілген 22 жастағы марқұм Диасқа қатысты облыс әкімі пікір білдірді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

22 жастағы Диас Сәкеновті Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өлтіріп кеткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында некелесу күні әлдекімдер өлтіріп кеткен 22 жастағы Диас Сәкеновтың өліміне қатысты жағдайға түсініктеме берді. 

12 қарашада жас жұбайлар некелесу күні Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінде жүргенінде күйеуін өлтіріп әлдекімдер өлтіріп кеткен. Мекеме басшысының айтуынша, оқиға кезінде ешкім әрекет етіп үлгере алмай қалған.

Бейнебақылау камераларынан қарап шынымен, оқиғаның өте тез болғанын ұқтық. Бәрі 1,5 минутта болған. Жігіттер бірге әңгімелесіп, күіп-онап отырған. Тіпті сырттарынан қарап, бір-біріне қас деп те ойламайсың, – деді оқиға болған мекеме басшылығы.  

Осы жайттан соң өңір әкімі барлық ойын-сауық мекемелеріне азаматтардың қауіпсіз демалуы үшін белгілі бір талаптар қойылатынын атап өтті. Бірінші кезекте – бұл бейнебақылау және лицензияланған күзеттің болуы.

Енді қала бойынша мұндай талаптарға сай келмейтін мекемелер анықталып, олардың тізімі жасалады екен. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талапты бұзғандарға әкімшілік немесе өзге де жазалар қолданылатын болады.

Қылмыстық іс шеңберінде мекеме басшылығы тарапынан қандай олқылықтар болғанына құқықтық баға берілетін болады. Яғни, күзет қайда болды, неге құқық қорғау органдарына уақтылы хабарланбады және т.б., - деді Ахметжанов.

Еске салсақ, Көкшетауда әлдекімдер 22 жастағы жігітті некелесу күнінде өлтіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды