Nike New Balance пен Skechers авторлық құқығын бұзды деп сотқа берді

07.11.2023, 19:31
758
Nike New Balance пен Skechers авторлық құқығын бұзды деп сотқа берді Acquire Licensing Rights

Дүйсенбі күні Nike компаниясы нарықтағы бәсекелестері New Balance пен Skechers компанияларын Nike кроссовкаларының дайындау технологиясын қатысты авторлық құқықты бұзды деп сотқа берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты kursiv.media сілтеме жасап.

Reuters ақпаратына сүйенсек, New Balance спорттық аяқ киімдері мен Skechers кроссовкаларын шығару кезінде Nike-тің жүгіруге, футбол мен баскетболға арналған «Flyknit» технологиясын шектен тыс қолдағаны туралы жазылған.

Nike «аяқ киімнің жоғарғы қабаты ауа кіргізгіш, әрі созылмалы болуы үшін арнайы технология қолданатынын» айтады. Сотқа шағымда бұл технология материалды қолданып, қалдықты аз шығаруға әсер ететіні жазылған.

New Balance үстінен Массачусетс штатының сотына түскен шағымда компанияның New Balance Fresh Foam, FuelCell және өзге модельдері Nike авторлық құқығын бұзатыны жазылған. Ал Skechers үстінен Лос-Анджелес сотына түскен шағымда Skechers Ultra Flex және Glide Step модельдері туралы жазылған.

Nike соттан осы компанияларға сот үкімімен технологияны қолдануға тыйым салып, ақшалай шығын өтеуді талап етті.

Шағымға жауап берген New Balance компаниясы «бәсекелестерінің интеллектуалдық құқығына құрметпен қарайтынын, алайда ондаған жылдар бойы қолданып келе жатқан дәстүрлі аяқ киім өндірісіне Nike-тің авторлық құқығы жоқ» екенін айтқан.

Nike-тің шағымына қатысты Skechers компаниясы әлі жауап берген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Nike аталмыш технологияны ұрлады деген айыппен Adidas, Puma және Lululeman компанияларында сотқа берген. Жауап ретінде Adidas қарсы шағым түсіріп, өзінің технологияларын Nike Adapt моделі ұрлағанын және жаттығуға арналған Run Club және Training Club қосымшалары мен аяқ киім сатуға арналған SNKRS бағдарламасы Adidas авторлық құқығын бұзатынын айтқан. Кейіннен Nike тек Adidas-пен ғана емесPuma-мен де өзара келісімге келген. Nike шағымына қатысты Lululemon компаниясына қатысты шешім әлі шыққан жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады