Шаймұрат Айбарыс: Болашақтың кілті - ақпарат технологиясы

14.02.2024, 17:59
1181
Шаймұрат Айбарыс: Болашақтың кілті - ақпарат технологиясы Жеке мұрағаттан

Бүгінде ақпараттық технологияның қарыштап дамуына байланысты цифрлық сауаттылық заман талабына айналғаны өтірік емес. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Әсіресе бұл мамандықтың маңызы әлемді жайлаған- пандемиядан кейін біршама арта түсті. Себебі барлық қызметтің түрі онлайн форматқа көшіп, сәйкесінше адамдардан цифрлық тұрғыдан сауатты болуын талап еткен де кездер орын алды.

Тіпті біздің кезекті кейіпкерден алған сұхбатымызды ұялы телефоннан оқу арқылы мүмкіндік алғаныңыздың өзі де осы технологияның арқасы. Жаңа заманның талабына сай қамдалып, еркін қолданысқа енген технология саласында IT маман- Шаймұрат Айбарыспен әңгімелескен едік.

«Менің ойымша, білікті мамандарды ешқандай жасанды интеллект ауыстыра алмайды, себебі жұмыста тек тапсырмалардан бөлек шешім қабылдайтын адами факторлар өте көп. Бұл жағынан жасанды интеллект әлі адамды ауыстыра алмайды», - дейді Шаймұрат мырза.

– Қайырлы күн, Шаймұрат мырза. Сұхбатымызға қош келдіңіз. Жалпы осы салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

– Қайырлы күн, рақмет. Осы салада жұмыс жасап жүргеніме үш жылдай уақыт болды.

– Жақсы. Қазіргі кезде өзіңіз білесіз, осы сала бойынша арнайы оқытылатын көптеген онлайн курстар жетерлік. Соған сәйкес киберқауіпсіздіктің болашағы қаншалықты қауіпсіз?

– Киберқауіпсіздікте даму үстінде, сондықтан бұл сұрақ бойынша алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Өзім “Cybersecurity” бағытында жұмыс істегендіктен, күнделікті көріп жүргендіктен айтып отырмын. Бұл сала, яғни киберқауіпсіздік күнделікті емес, әр секунд сайын жаңарып отырады.

– IT секторында жасанды интеллекті дамыту және енгізумен байланысты негізгі артықшылықтар мен тәуекелдер қандай деп ойлайсыз?

– 2023 жыл жасанды интеллектің серпілісі болғанын білесіз ғой. Қарқынды түрде даму үстінде қазір жасанды интеллект. Әртүрлі салаларда қолданысқа қосылғанын байқап жатырмыз. Жасанды интеллектің артықшылықтары өте көп, бұл маман үшін үлкен көмек болатын интрумент. Әзірге жауаптары шала, бірақ болашақта олда шешілетін жағдай. Ал минустары бойынша айта кететін болсақ, бәрінің көретін бір минусы ол мамандарды осы жасанды интеллект ауыстырмайды ма деген сұрақ. Менің ойымша білікті мамандарды ешқандай жасанды интеллект ауыстыра алмайды, себебі жұмыста тек тапсырмалардан бөлек шешім қабылдайтын адами факторлар өте көп, бұл жағынан жасанды интеллект әлі адамды ауыстыра алмайды.

– Дұрыс айтасыз, сізбен толықтай келісемін. Шаймұрат мырза, жеке көзқарасыңыз бойынша алдағы бес жылда ақпараттық технология саласынан қандай тенденцияларын көресіз?

– Алдағы 5 жылды болжауға өзімнің батылым бармайды, бірақ соңғы 2-3 жылда жеткен жетістіктерге қарасақ, алдағы 5 жылда үлкен өзгерістер болатынына сенімдімін. Соған біз дайын болуымыз керек деп ойлаймын.

– Жалпы IT саласы мамандарының жалақысы Қазақстандағы орташа есеппен қанша теңгені құрайды? Бұл жалақы сіздің ойыңызша бүгінгі күн көріс деңгейі бойынша жеткілікті ме?

– Шыны керек, IT саласының жалақысы Қазақстанда орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары, бірақ әлемдік деңгейде жалақыны салыстыратын болсақ, төмен деңгейде қалып қоятынымыз рас, әрине. Болашақта бұл тенденция өзгереді деген үміттеміз.

– Уақыт бөліп сұхбат бергеніңізге рақмет. Ісіңізге сәттілік тілеймін.

Осылайша Шаймұрат мырза «IT саласы мамандарының Қазақстандағы жалақысы орташа есеппен қанша теңгені құрайды?» деген сұраққа нақты жауап бере алмады.

Автор: Бақтылова Қарақат

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды