«Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды

Аиса Махамбет Редактор
16.05.2024, 18:15
13388
«Сол қыз – мен…»: Дина Төлепберген өміріндегі ешкімге айтпаған сырын жайып салды бейнежазбадан алынған кадр

«Әйел қызын алып, шаңырақтан кетіп қалады. Сол қыз – мен. Анама алғыс айтамын» дейді журналист.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасына видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа не себепті қарсы шыққанын түсіндірді.

Видеода Дина Төлепберген анасының бастан кешкен оқиғасын айтып берді. Ол қыз да, ұл да психикасы сау, өзін құрметтейтін, жеке шекарасын білетін адам болып қалыптасу үшін сау ортада өмір сүруі керек екенін айтты.

 "Осыдан 40 жыл бұрын болған оқиға. Шымкент қаласында тұратын жігіт жедел жәрдемде жұмыс істейтін жас дәрігерге ғашық болып, ұнатып қалады. Сөз салады, бірақ оның сезімі жауапсыз еді. Десе де, жігіт намыстанып, оны алып қашады. Неге екені түсініксіз, АХАЖ бөліміне қол ұстасып ақыры бармайды. Арада қыз дүниеге келеді.

Бір рет ұрғаннан кейін әйел бір жасқа толмаған қызын құшағына алып, "барар жері, басар тауы" болмаса да шаңырақтан кетіп қалады.  Көкірегі ояу, көзі ашық әйел сол кезде өзіне "қызымды сау ортада аяққа тұрғызамын" деп серт берген және ол сөзінде тұрды. Әлгі қыз – мен. Қазір анама деген алғысым шексіз", – дейді видеода журналист.

Дина Төлепберген видеоның астын жазбамен де толықтырды.

"Менің ақиқатым... Бұл туралы ешқашан айтпап едім. Бәлкім, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шығуымның басты себебі өз тарихымда жатқан шығар", – деді ол.

Трамп: Мұнай бағасы тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады Түркістанда мәдениет үйі өртеніп кетті Аман Қонысбековтің өзбек боксшысынан жеңілгеніне қатысты дау: Қазақстан ресми шағым түсірді Алматыда 76 жастағы әжені баспалдақтан итеріп жіберген Амантай қажы 2 жылға сотталуы мүмкін Атырауда 3 жастағы қыз бала балабақшадан миы шайқалып, қолы сынған күйде қайтты inDrive компаниясы такси жүргізушісінің сорақы әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады ЕО Израильге қарсы санкциялар енгізбейді: Газадағы соғысқа қатысты шешім кейінге қалдырылды «Мастурбация жасаған»: енді inDrive таксистері қызбен танысқысы келсе ауыр жазаланады Рамзат Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды Ақтөбелік балуанға — 20 бас жылқы: Жерлестері әлем чемпионын ерекше құрметтеді Атырау облысында түнде жоғалған қойшы табылды Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердің» бағасы бақылауға алынады Қытайлық машиналарды ең көп сатып алатын елдердің қатарына Қазақстан кірді Жетісудағы Сарыөзек ауылы су астында қалды TikTok пайдаланушылардың әл-ауқатына арналған жаңа құралдарды іске қосады Құлыбаев пен ресейліктерге тиесілі 1,6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Бағанашылдағы балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды «Көппәтерлі үйді заңсыз салған»: Алматыда таунхаусты мәжбүрлі сүру кезінде үй иесі өзін өртемек болды (ВИДЕО) «Пакет ішінде жатып, мәйіті шіри бастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікке жасөспірім ілікті 5 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық